2023 жылдың желтоқсанында Мусин бизнес-класс көлігін жалға алуға миллионнан астам теңге жұмсаған

0

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2023 жылы бизнес-кластағы қызметтік автокөлікпен басшылық сапарларға 63 млн теңге жұмсаған, деп хабарлайды Kznews.kz Press.kz басылымына сілтеп.

Ақпарат бойынша, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көлік қызметтерін көрсету үшін UDP Motor Transport Facility компаниясымен келісімге отырған. Жеті адам – министр, оның бес орынбасары және аппарат басшысы бизнес-кластағы қызметтік көліктермен жүрген. 

Министр Бағдат Мусин Kia K9 көлігін жүргізген.

0 kia k9 rj 3 масштабты 2023 жылдың желтоқсан айында Мусин бизнес-класс көлігін жалға алуға миллионнан астам теңге жұмсаған.

Мәселен, желтоқсан айында оның сапарларының жалпы құны 1,2 миллион теңгені құраған.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтардың интернетті тұтынуына тағы да наразылығын білдірген.

фото: tengrinews.kz