Қарағандылық көше тазалаушы айына 20 мың теңге жалақы алатынына шағымданды
Қарағанды қаласы Майқұдық ықшам ауданында кіші қызметкер жұмысына шамданды. Ол көше тазалағаны үшін айына 20 000 теңге алады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Патриот Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Майқұдықта көше тазалаушы айына 20 000 теңге жалақыға жұмыс істейді. Айтуынша, осындай аз ақшаға ол ауыр дорбаларды тасып, қоқыс тазалайды. Әйел кіреберіс алдындағы кішкентай контейнерлерге үйінің қоқысын лақтырып кететіндер көп екенін айтып, тұрғындарға ашуланды.
Негізінде, бұл контейнерлер ұсақ қоқыстар, яғни кәмпит қабығы, темекі тұқылдарын лақтыруға арналған.
«20 000 теңге үшін не істеп жатқанымды қараңыз. Онымен қоймай көше тазалаушылар жұмыс істемейді деп шағымданады. Біз жұмыс істемесек, не болар екен?! Айтарға сөз жоқ. Айына 20 мың аламын! Ал 100 000-ға дәрі аламын. Көше сыпырушыларды жаман дейсіздер ма», – деді әйел.
Майқұдықтағы бес қабатты үйдің тұрғындары көше тазалаушы әйелдің жұмысын сынап, шағым айтса керек. Әйел тұрғындарға ашуын білдірді.
фото: egemen.kz