Жазушы Ғалымбек Елубай дүниеден озды

0

Бүгін қазақ әдебиетіне өзіндік үлесін қосқан жазушы, танымал қысқа әңгімелердің авторы Ғалымбек Елубай дүниеден озды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Бұл туралы жазушының досы Пернебай Сапар өз Facebook парақшасында жариялады.

Ғалымбек Елубай 40 жасқа қараған шағында дүние салды.

Жазушы «Бүйі қаптаған жаз», «Тумай тұрып өлімге кесілгендер», «Құралай тышқанның боғы» сияқты әңгімелерімен танымал.