“Екі айдан кейін білдік». Ақтауда полицейлер жоғалып кеткен тұрғынның қайтыс болғанын жасырған
Ақтаулық отбасы марқұм туысының жоғалып кеткенін айтып шағымданды. Олардың айтуынша, ер адам күзде жоғалып кеткен. Ал екі айдан кейін оның жерленгенін білген, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі astana.tv арнасына сілтеме жасап.
Соңғы күндері Ақтау іргесіндегі осынау шағын зират полиция, прокуратура, әкімдік, ең бастысы жерленгендердің бірінің туыстарының ерекше назарына ілікті. Қазан айында жоғалып кеткен 47 жастағы ер адам қарашаның ортасында жерленген. Бұл туралы туыстары бір айдан кейін білді. Белгілі болғандай, Ақтау тұрғынының мәйітін полиция қызметкерлері зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілерінсіз тапқан. Бірақ қандай да бір себептермен оның отбасына бұл туралы хабарланбаған.
«Бізге үш қабірді көрсеткеніне таң қалдық, осы даталардың айналасында үш адам жерленген. Олардың бірі біздің ағамыз, бірақ олардың қайсысына не істеу керектігін біз білмейміз. Бізді қатты таң қалдырғаны – дайын қазылған бейіттердің болуы және олардың тереңдігінің 30-40 сантиметрден аспауы болды», — дейді марқұмның ағасы.
Туыстарының айтуынша, жағдай жерлеу кеңсесінде тіркеу журналының жоқтығынан туындаған. Ал көптеген құлпытастар мен кресттерде марқұм туралы мәлімет жоқ.
«Олар бізге ай сайын мәйітханадан хаттар жібереді. Мәйітхана, мәйітті алған кезде қатысы бар компанияға хат жолдап, сол жерден алып кетеді. Онда сіздің атыңыз бен нөміріңіз жазылуы керек. Қазір бәрімізді прокуратура жинайтын шығар», — деді Ақтау әкімдігі ТҮКШ басқарма басшысының орынбасары Бақтияр Мақсатов.
Ал, қазір прокуратура мен полицейлер мәйіттің кімнің кінәсінен жоғалғанын анықтап жатыр. Ішкі аудит басталды. Оның қорытындысы бойынша табылған мәйіт туралы туыстарына хабар бермеген тәртіп сақшылары жауапқа тартылады деп уәде етілген.