«Қазақстан темір жолы» компаниясы 689 млрд теңге жымқырды деп айыпталды

0

Таралған хабарламада «Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Штадлер Қазақстан» фирмасының мөрлері басылған құжаттың сканерленген көшірмесі көрсетілген, — деп жазды Stan.kz.

«ҚТЖ-да аса ірі көлемде ақша ұрлау фактіс. ҚТЖ мен Штадлер арасындағы келісім. №1 қосымша келісімге қол қою кезіндегі шарттың жалпы бағасы 689 881 178 376,76 теңгені құрайды», – делінген ақпаратта.

Келісім-шарт әртүрлі үлгідегі 537 вагон сатып алу бойынша жасалған. Ғаламторда тараған ақпаратқа қатысты ҚТЖ мәлімдеме жасады.

«Аталған кешлісімшарттар аясында қаражат ұрланғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. 2020 жылы жеңіл жолаушылар вагондарын өндірісін ұйымдастыру бойынша стратегиялық серіктесті таңдау бойынша халықаралық конкурс жарияланды, оның нәтижесінде Stadler Bussnang AG вагондар өндірісін ұйымдастыру бойынша стратегиялық серіктес ретінде анықталды», – делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

фото: wfin.kz