Иранда Сүлеймани бейітінің маңындағы жарылыстан 70-тен астам адам қаза тапты

0

Иранның Керман қаласындағы жоғарғы қолбасшы Қасем Сүлеймани жерленген зират маңындағы жарылыс салдарынан 73 адам қаза тауып, 170-і жараланды, деп хабарлайды IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігі.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, екі жарылыс болған. Керман облысының саяси және қауіпсіздік істері жөніндегі орынбасары IRNA агенттігіне: «Бұл газ жарылысы немесе лаңкестік әрекет пе екені әлі белгісіз», — деді.

Tasnim ақпарат көздерінің хабарлауынша, зираттың кіре берісіне жақын жерде қашықтан жаруға болатын бомба салынған екі пакет болған. IRNA да лаңкестік әрекетке ұқсас іс туралы ақпарат берді.

Еске сала кетейік, бүгін, 3 қаңтарда зиратта Қасем Сүлейманиді еске алу рәсімі өтті. 2020 жылдың дәл осы күні ол Бағдад әуежайының маңында АҚШ әуе күштерінің зымырандық шабуылынан қаза тапты. Қасем Сүлеймани Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрамындағы элиталық «Құдс» күштерінің жетекшісі болды. Корпус Иран үшін барлау және сыртқы арнайы операцияларға жауапты.

2020 жылдың 7 қаңтарында Касем Сүлейманиді жерлеу рәсімі кезінде миллиондаған азаматтар көшеге шығып, 50-ден астам адам қаза тапқан төбелеске әкелді.