Алматыда анасы таксиде қалдырып кеткен 4 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

0

Полиция Қалмақбай Мәрмәр есімді 4 жастағы қызға іздеу салды. Бүлдіршіннің анасы қызды Жамбыл ауданынан Алматыға беттеген белгісіз ақ көлікте қалдырып кеткен. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іздеу жұмыстарына кіріскен еріктілердің мәліметінше, 2024 жылы 2 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында 1984 жылы туған Бақытгүл Қалмақбай есімді келіншек Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылынан Алматыға жолға шығады. Ол жол жөнекей көлік тоқтатқан. Келіншек қалаға жете сала шамамен сағат 20:49-да көлікте ұйықтап жатқан баланы қалдырып, Б.Момышұлы көшесіне жетпей, Райымбек көшесінен түсіп қалған.

Айрықша белгілері: дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа, көзінің түсі қоңыр.

Бұған дейін Талдықорғанда 14 жастағы қыз жоғалып, полиция қызметкерлері іздеу жариялаған болатын.