Қыдырәлі Болманның Әбіләзовпен түскен суреті тарады(фото)

0

Өнер иесінің айтуынша ол фотоға 25 жыл толған. Smart News басылымының хабарлауынша, белгілі продюсер Қыдырәлі Болман саясаткер Мұхтар Әбіләзовпен бірге түскен фотосына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

“Осы суреттегі азаматтар кезінде өнер мен білім саласының үздіктері болып, марапатталып еді. Сарапшылар алқасы Төрегелді Шарманов, Ақселеу Сейдімбек, Қадыр Мырза Әлі болатын. “Ұлытау” тобы да “Тарлан” сыйлығын алып еді. Сол кезде естелік фотоға түскеніміз бар. Әбіләзовпен дос та, қас та емеспін. Танымаймын да, әңгімелесіп те көрген емеспін. Ал, Марғұлан – Ұлытаудың жігіті. Құрметтеймін. Өте талантты, білімді, үлкен кәсіпте жүрген азамат. Бұл естелікке де 25 жыл толыпты. Әр нәрсенің қайыры бар. Сақтар дәуірінен қалып кеткен фото болса да салыңыз. Менің бақытым – тазалығымда. Ешқашан ұрлық жасамадым. Үкіметтен қаржы сұрамадым. Тығылып, қуыстанып жүретін өмірден Құдай мені сақтаған! Абыроймен марапаттаған. Әрі қарай өздеріңіз білесіздер! Бұл – ақталғаным емес, ағымнан жарылғаным”, – дейді өнер иесі.

Продюсердің оқырмандары қолдау білдіріп, атышулы саясаткермен фотоға түскені үшін ақталудың қажеті жоқ екенін жарыса жазып жатыр.

“Мұхтар Әбіләзовпен суретке түскен де тұрған не бар? Тырнақ астынан кір іздегенді қойыңдар! Қыдырәліне не бетпен кінәлап отырсыңдар? Бұл дұрыс емес. Қазақстанда Мұқтарды барлығымыз білеміз… Білгеніміз үшін кінәлаған – үлкен қате”, – дейді әншінің оқырмандары.

фото: almaty.tv