Ресей қазақстандық Coca-cola-ны қауіпті деп атады
Мәскеу ауданында өмірге қауіпті жаңа жылдық қазақстандық Coca-cola табылды. Мамандар оның құрамынан тәттілендіргіш пен аспартам тапты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Mash басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Газдалған сусынды Coca-Cola Almaty Bottlers компаниясы шығарады. Бұл коланың техникалық регламентке сәйкес келмейтінін зертханалық зерттеулер дәлелдеді. Бұл туралы мәлімет Краснодар өлкесіне таралып үлгерді.
Композицияда аспартам және жапсырмада көрсетілмеген басқа тәттілендіргіштер бар. Өңірлік билік сатып алушыларды өнімнің құрамын мұқият зерделеуге шақырып, қауіпті коланы тәркілеуді бұйырды.