Тәліптер — біздің досымыз. Қазақстан «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады

0

Қазақстан билігі «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Айтуынша, Қазақстан елде тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізіміне үнемі тексеру жүргізеді.

«Аталған үдеріс шеңберінде БҰҰ тәжірибесіне сәйкес тізімнен «Талибан қозғалысын» алып тастау туралы шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес,» Талибан қозғалысы » БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізіміне кірмейді»,— ол  Kazinform-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Талибан» қозғалысы — әлемнің көптеген елінде тыйым салынған террористік ұйым.

фото: belta.by