Асхат Тағыберген “Жыл қорытындысы” челленджін қабыл алды
Футоболист, кәсіпкер Асхат Тағыберген “Жыл қорытындысы” челленджін қабылдағанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында жақсы жаңалықтармен бөлісті.
“Жыл қорытындысы челленджін Айгерім Есенәлі ханымнан қабылдадым. Осы жыл Аллаға Шүкір сәтті өтті. Ордабасы командасымен чемпион атандым. Ұлттық Құрама ойындарында өте жақсы нәтиже көрсеттім. Данияға салған голым номинант болды. Ұлттық құрама ойындарында салған голым іріктеу кезеңіндегі “ең үздік гол”болды. Ойынымызбен халық рухын көтергенімізге қуаныштымыз. Үлкен қызым Томирис халықаралық дәрежедегі жарыстарда жақсы нәтиже көрсетті. Ұлым Ұлан Ташкенттегі турнирде үздік ойыншы атанды. Қызым Айла екі жасқа толды. Мейрамханамызды аштық. Осының барлығы үшін спорттағы жетістіктеріміздің арқасында Президент Тоқаевтың “ерен еңбегі” медалімен марапатталдым. Осы жылы құрамамыз “Жыл сенсациясы” атағын жеңіп, — алды деді.
фото: meta-ratings.kz