“Бала көтеру мүмкіндігі жоқ екенін айтты” — Дильназ Ахмадиев басындағы қиын жағдайын айтып берді
Қазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева отбасылық өмірі мен баласы жайлы ақтарыла сұхбат беріп, өз жан сырын ақтарды. Балалы болуды қатты армандаған өнер иесі тоғыз жыл бойы бедеулікпен күрескен, деп жазады Kaz.nur.kz.
Дильназ Ахмадиева өміріндегі ауыр кезең жайлы «4:1» подкастында айтып берді. Әнші ұзақ уақыт бойы балалы бола алмай, бедеулікпен күрескенін айтты. Нәтижесінде өнер иесінің қалауы орындалып, ол 39 жасында алғаш рет ана атанды.
«Дәрігерлер бала көтеру мүмкіндігі жоқ екенін айтты. 9 жыл бойы үміт үзбей, бедеулікпен күрестім. Біраз уақыт бала көтере алмай жүрдім. Бірінші некеде баламыз болған жоқ. Ұзақ уақыт бойы емделудің нәтижесінде Зейданды дүниеге әкелдім. Бұрын «жасым өтіп барады, бала туу керек» деп ойлайтынмын. Қазір дәл уақытында ана атаныппын деймін. Оған дейін дайын болмағанмын. Менің болмысымды өзгерткен – балам. Бұрын ер бала секілді жүретінмін, қазір әйел сезінемін өзімді», – дейді әнші.
фото: caravan.kz