Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

0

Бақытжан Сағынтаев 2024 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияны басқарады, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы РФ Президенті Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте мәлімдеді.

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап алқа басшысы лауазымына кірісетін Сағынтаев мырзаны құттықтаймын – біз оны өте жақсы білеміз, ол бұған дейін ЕЭК мүшесі болып жұмыс істеді. Сондықтан өзінің жаңа міндетіне жігерлене кірісетініне сенімдімін. Ол сондай-ақ Қазақстан президентінің әкімшілігінде істеді, үкімет төрағасы, Қазақстанның премьер-министрі болды, — деді Ресей президенті.

Өткен жылы Сағынтаев Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды.

Шешім ЕАЭО саммитінде қабылданды.

фото:gov.kz