«Сағатына, күніне жалдаған үйдің ақысын төлей алмай жүрген»: ақын қыз Айшолпан үйлі болды (видео)

0

Ел назарына өткір өлеңімен ілінген ақын қыз Айшолпан Тілеутайға  Астанадан пәтер сыйға берілді. Ақын қыз көпшілік алдында көз жасына ерік беріп жылап жіберді, деп жазды Kyn.kz.

«Айшолпанның Астанаға келген кезін жақсы білемін. Жаңадан келген кезде квартираның ақшасын төлей алмай жүрді. Тіпті суточный, қонақ үйдің ақшасын төлей алмай жүрген кездері болған. Барлығы да артта қалсын. Жылама. Бір қазақ байыса қалғанымыз қуанайық. Қиын күндер артта қалсын»,-деді пәтер кілтін тапсырған Дәулет Мұқаев.

фото: ашық дереккөз