Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров Алматыда өткен жекпе-жегінде екі титулды жеңіп алды

0

Алматыда 33 жастағы қазақстандық Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) бокстан жарыста бақ сынады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол жапониялық Акихиро Кондомен (37-12-2, 21 КО) жұдырықтасып, екі нұсқа бойынша чемпион атанды.

Ол 12 раундтан кейін 118:110, 120:108, 118:110 есебімен жеңіске жетті.

Жанқош Тұраров жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сенімді қорғап қалды, сонымен қатар бос тұрған WBA Gold титулын жеңіп алды.