Қазақстан үкіметі еліміздегі ArcelorMittal кәсіпорындарын сатып алды

0

Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal халықаралық компаниясы қазақстандық Мемлекеттік тікелей инвестициялар қорының ArcelorMittal Temirtau JSC және ArcelorMittal Tubular Products Aktau JSC металлургиялық кәсіпорындарының барлық акцияларын «Qazaqstan Investment Corporation»АҚ (QIC) сатып алуы туралы келіссөздерді сәтті аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, келісімшартқа сәйкес, QIC ребрендингке ие болатын және жаңа атау алатын осы кәсіпорындардың қызметі үшін толық басқару мен жауапкершілікті өз мойнына алды. 1995 жылдан бері осы активтерге иелік еткен ArcelorMittal Қазақстанда металлургия және тау-кен өндіру салаларының дамуына айтарлықтай ықпал етті.

Жаңа иесі — Қазақстан Үкіметі осы кәсіпорындардың бизнес-процестерінің сақталуы мен тиімділігін жақсарту бойынша ғана емес, сонымен қатар олардың тұрақты жұмысы мен инновацияларды енгізуді барынша қамтамасыз етуге ұмтылуда.

“Мәміле құны 286 миллион АҚШ долларын құрады, бұл ArcelorMittal меншікті капиталының 800 миллион долларға төмендеуіне әкелді. ArcelorMittal басшылығы қызметкерлерге соңғы 28 жылдағы үлестері мен жетістіктері үшін алғыс білдіріп, Қазақстанда өткізілген уақыттың маңыздылығын атап өтті”, – делінген ақпаратта.

ArcelorMittal сонымен қатар Қарағанды облысының денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жобаларды қолдауға, оның ішінде Теміртау қаласын дамытуға бағытталған «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорына 16 миллиард теңге бөлді.

фото: ашықдереккөзден