Елбасы Жарлығымен үздік қызметкерлерге мемлекеттік наградалар берілді
2018 жылғы 14 желтоқсан 08:41 461
АСТАНА. ҚазАқпарат — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытуда үздік жетістікке жеткен қызметкерлерді ҚР мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
«ҚазАқпарат» ХАА құжат мәтінін оқырман назарына ұсынады.
***
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Бәйменова Құралай Базарбайқызы — «Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы
Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлы — «Шәушен» ШҚ басшысы, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы
Соловьева Алина Робертовна — «А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі, Шымкент қаласы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 5 желтоқсан
№ 798
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz