«Азаматтардың көз жасы себеп». Депутат Назарбаевтың қарындасынан зардап шеккендердің мұңын жеткізді

0

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаева иелік ететін «Кенжехан» базарының саудагерлері депутаттардан араша сұраған, деп хабарлайды KYN.KZ

Олардың арыздарын тыңдаған Нартай Аралбайұлы бүгін Мәжіліс отырысында Қаржы министрі мен Бас прокуратураға депутаттық сауал жолдады

Ол Барахолкадағы саудагерлерден депутаттардың атына келген арызда соңғы 10 жылға жуық уақытта «Кенжехан» базарының иесі Әнипа Әбішқызы Назарбаева болғаны жазылғанын айтты.

«Мұны шағымданған ел айтып отыр. Бұл сорақылық емес пе? «Төлемесе, контейнерлерді мөрлеп, жауып тастайды» деп ашынады жұрт. Саудагерлердің 3 талабы бар. Бір контейнерге 2 рет ақша төлеген жұрт бұрынғы немесе бүгінгі базар иесінде ақшаны қайтарып берсін дейді. Бір сауда орнына екі рет ақша төлеу ақылға сыймайды ғой енді. Екіншіден, ай сайын қосымша қаржы жинау мен жұмыс орындарын мөрлеп жауып тастауға қатысты әрекеттердің заңдылығын тексеріп, шара қолданылсын  деп отыр. Сонымен қатар  «Кенжехан» базарын Алматыдағы Мемлекеттік кірістер департаменті тексерген, соның нәтижелерін Қаржы министрлігі ұсынсын», – дейді Нартай Аралбайұлы.

фото:qaz365.kz