АҚШ Дерипаска компанияларына салған санкциясын жояды

0

АҚШ ресейлік миллиардер Олег Дерипасканың En+, «Русал» және «ЕуроСибЭнерго» компаниялар тобына салған санкциясын жояды. Ал компаниядағы үлесі 50 пайыздан асатын олигархтың активтері бұғатта қала береді. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің Конгреске жолдаған хабарламасында айтылады.

Министрліктің хабарлауынша, ресейлік компаниялар корпоративтік құрылым мен басшылық құрамда өзгерістер жасауға келіскен. Компаниялар Дерипасканың үлесін 50 пайыздан азайтып, басшылық құрамды өзгертетін болған. Мысалы, En+ компаниясы директорлар кеңесінің жартысы АҚШ пен Ұлыбритания азаматтарынан құралады. «Русал» компаниясы директорлар кеңесінің іс басындағы төрағасы қызметінен кетеді.

Оқи отырыңыз: АҚШ санкциялары олигархтар бизнесін күйретті

Аталған компаниялар санкциядан 30 күн ішінде босатылады.

АҚШ Олег Дерипаска мен ол бақылайтын компанияларға санкцияны 6 сәуірде бизнесменнің Кремльмен жақын байланыста болғаны үшін салған. Дегенмен, кейін Вашингтон Дерипаска компаниялардағы үлесін азайтса, санкцияны жою жайын ойлануға болатынын мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық