Пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен: Шымкентте 28 жастағы ұлын өлтірді деген күдікпен әкесі ұсталды
Шымкентте 28 жастағы тұрғынның денесі қала пәтерлерінің бірінен табылды. Полиция күдіктінің ұсталғанын айтты. Ол марқұмның туған әкесі болып шықты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлын өлтірген өз әкесі – бұл қорқынышты қылмысты тергеудің алғашқы минуттарынан бастап полицияның негізгі нұсқасы осындай болды. Мұны бірден растау немесе жоққа шығару мүмкін болмады, өйткені басты күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
1 желтоқсанда Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінің пәтерінде қатыгездікпен кісі өлтіру орын алды. Кешке үйге келген анасы 28 жастағы ұлын мойын аймағында көптеген пышақ жарақаттарымен табады. Марқұмның жан жағы қанға бөгіп қалған. Көп ұзамай күдікті ұсталды. Әкесінің ұлын не себепті өлтіргені туралы хабарланбайды.
Көршілер өлген азамат туралы жылы естеліктерімен болады. Олардың айтуынша, жігіт ешкіммен жанжалдаспайтын болған, ал оның әкесі психикалық аурумен есепте тұрған.
Қазір күдікті тергеу изоляторында. Оған кісі өлтірді деген айып тағылған.