Қарағанды ауруханасында ер адамға қателікпен басқа дәр егіліп, соның салдарынан ол көз жұмды

0

Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада дәрігерлер науқастың «Цеф-3» дәрісіне аллергиясы бар мән бермегендіктен, науқас анафилактикалық шок алып, мерт болған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Патриот Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 8 қарашада болды.

«Мемлекеттік қызметтер порталы арқылы ағам жоспарлы түрде қаралды. Оған геморройды алып тастау үшін ота жасау керек еді. Ол дәрігерлерге Цеф-3 және новокаинге аллергиясы бар екенін айтты. Дәрігерлер қолына көк түсті жапсырма тағыпты, бұл осы препараттарға аллергиясы бар екенін көрсетеді. Бірақ медбике соған қарамастан, оған Цеф-3 уколын салды. Төрежан қызарып, тұншығып, көз жұмды», – деді марқұмның ағасы Арман Мақашев.

40 жастағы Төрежан Мақашев қылмыстық атқару жүйесі департаментінде жұмыс істеген. Үш баласы жетім, әйелі жесір қалды.

«Дәрігерлердің немқұрайлылығынан ағам көз жұмды. Олар тіпті геморройды алып тастау отасын да бастамады! Науқастың Цеф-3 аллергиясы бар екенін біле тұра, қалай соны салады? Егер қарамайтын болса, несіне жапсырма тақты?Демек олар барлығына стандартты, бірдей жолмен дәрі бере салады! Бірақ адамдар әртүрлі, жеке аллергиялық реакциялары бар», – деді Мақашев.

Дәрігерлердің салғырттығы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Абзалиевтің айтуынша, тексеру жүргізілген.

«Анафилактикалық реакцияның дәрежесі өте ауыр болды. Тексеру кезінде ақаулар анықталды. Атап айтқанда, жедел жәрдем дәрігерлері, проктология бөлімшесінің меңгерушісінің міндетін атқарушы және медбикенің аллергологиялық анамнезді дұрыс жинамағаны анықталды. Хирургиялық науқастарға медициналық көмек көрсету сапасын бақылау жөніндегі ұйымдастыру-басқару жұмыстарының жеткіліксіз деңгейі және дәрігерлердің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы» заңының 115-бабының 2-тармағы, 1-тармақшасының талаптарын бұза отырып, дұрыс шешім шығармағаны анықталды», – деп түсіндірді Абзалиев.

фото: stan.kz