Ерке Есмаханның ұлына қандай есім бергені белгілі болды

0

Ерке Есмахан осыдан бірнеше күн бұрын екінші сәбиін өмірге әкелді. Әншінің күйеуі Instagram парақшасында ұлына қандай есім қойғанын айтты, деп жазады Kznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін Ерке Есмахан перзентханадан у-шусыз шыққанын және сәбиі екеуін күйеуі алып кеткенін жеткізген еді.

«Райымбекұлы Ислам», — деп жазды Раим.

Желі қолданушылары жұлдызды жұптың отбасылық қуанышына тілектестігін білдірді. «Бауы берік болсын», «Бақытты болыңыздар», «Қандай керемет көрініс», «Мүсілімнің бауыры Ислам. Қандай күшті», — деп жазды желідегілер. Айта кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан көпшілікке перзентханадан шыққан сәтін бөліскен болатын. 

Фото: instagram.com/raimusican