Қазақстаннан кеткен экс-министр Ерлан Сағадиевтің Швейцарияда жүрген суреті тарады (фото)
Бұрынғы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің Швейцарияда жүрген суреттері тарады. Медицина ғалымы Алмаз Шарман экс-шенеунікпен Женева көлінің жағасында түскен суреттерімен бөлісті. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алмаз Шарман экс-министрдің балаларының қайда екенін және қандай қызмет атқаратынын жеткізді.
«Осы жылдар ішінде біз әртүрлі континенттерде талай рет кездесіп, Қазақстанның болашағы, әлемдік даму туралы әңгімелесіп, пікір таластырдық. Екеуміз де көп жағынан идеалист екенімізді түсіндім.
Ерлан мен Әйгерімнің тамаша балалар тәрбиелеп жатқанына өте қуаныштымын. Олардың үлкен ұлы Мағжан Американың Юта штатының жастар хоккей командасында ойнайды. Қызы Зере Бостондағы университетке түсті. Кішкентайлары Сұлу мен Ілияс әлі мектепте оқиды. Ерланның үлкен қызы Сара Атлантада биотехнолог болып жұмыс істейді», — деп жазды ғалым.
фото: time.kz