Алматы облысында 8-сынып оқушысы автобус толы жолаушыларды аман алып қалды
Өтеген батыр ауылындағы №24 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы Ақжол Герой мінген автобустың жүргізушісі өзін жайсыз сезініп, рөлге ие бола алмай қалғанда шалт әрекет еткен. Ол дер кезінде тежегішті басып үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Оқыс оқиға 22 қарашада мектептен қайтар кешкі уақытта болған.
«8-сынып оқушысы Герой Ақжол Нұрланұлы мінген 219-шы автобустың жүргізушісі кенеттен есін жоғалтып, талып қалған. Өзінің ғана емес барлық жолаушылардың өміріне қауіп төнгенін түсінген батыл бала дереу іске көшіп, ойланбастан автобус рөліне жармасыпты. Сөйтіп, тежеуішті дер кезінде басып үлгеріп, барлық жолаушылардың өміріне төнген қауіпке тосқауыл болған», делінген оқушы оқитын №24 мектеп-лицейдің Instagram-дағы парақшасында.
фото: Instagram/lyceum24