«Қазақмыс» кәсіпорнының жұмысшысы қаза тапты
Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Жезқазғандағы №2 байыту фабрикасында қайғылы оқиға орын алғаны белгілі болды.
– 1980 жылы туылған машинист конвейер механизмінде қысылып қалған. Нәтижесінде әйел өте ауыр дәрежедегі жарақат алған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері оның қайтыс болғанын айтты, – делінген хабарламада.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – ірі тау-кен және металлургиялық компания. 1997 жылы тамызда акционерлік қоғам ретінде құрылды және тіркелді. 2005 жылдың 14 қаңтарында компания акционерлік қоғамнан жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қайта тіркелді.
Негізін қалаушы – Владимир Ким.
Айта кетейік, өткен айда Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің рейтингінде көшбасшы алғаш рет өзгергені хабарланды.
Сондай-ақ үздік ондықта Болат Өтемұратов, Тимур Құлыбаев, Владимир Ким, Тимур Тұрлов, Александр Машкевич, Нұрлан Смағұлов, Айдын Рахымбаев, Александр Белович, Эдуард Огай бар.