Әнші Кенжебек Нұрдолдай «мені қуып жіберді» деген әйеліне жауап берді

0

Жастар арасында танымал зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай “әншіге тұрмысқа шығып едім, бірақ қырқынан шықпаған ұлыммен тастап кетті” деген қызға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші желідегі жеке парақшасына таңғы 5-те жазба жариялап, кейін өшіріп тастаған.

“Қоғамда менің өміріме қатысты болып жатқан әңгімеге нүкте қояйын. Менің бұрынғы әйелім маған қол көтерді деген сөзі – жалған. Бұл сөзімен не айтқысы келгенін білмеймін. Мен әкемнің ар-намысына нұқсан келгенін қаламаймын.  Бір ғана сөз айтқым келеді. Әкемнің атына кір келтіргенін қаламаймын. Ұлымның өміріне жауапкершілік алудан қашпадым. Ешкімді ешқайда қумадым”, – деп бастады әнші сөз басын.

Экс-жұбайының “баласына көмектеспейді” дегенін де жоққа шығарды.

“Ұлымның алиментін төлеп, материалдық жағдайын қамтамасыз етуге тырысамын. Өкінішке қарай олармен бірге тұрмағасын әкелік сезімді бастан өткере алмаймын. Айналамыздағы көп себепке байланысты біз енді бірге бола алмаймыз, отбасымыз да әлдеқашан бөлініп кеткен. Кінә ешқашан бір жақтан болмайды. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де қатысы бар. Бір білерім, балам бұған кінәлі емес. Ұлым өсе келе әкесінің кім екенін білетін болады”, – дейді әнші.

Жаздағы тойдың болғанын растап, үйлену той жасағанын мойындап, өсек-өтірікке сенбеуге шақырды.

“Мойындаймын, мен үйлендім оны шексіз сүйдім, ол да мені шексіз сүйді. Мен енді өсек пен өтірік әңгіменің айналасында жүрмеймін. Енді тек шығармашылықпен айналысамын деп шештім. Осыдан кейін біреудің артынан сөз айтып, одан кейін біржақты жамандамаңыздар. Құдай өтірік пен өсек айтатындарды қатаң жазалайтынын ескертеді. Болашақта өтетін концерттерімді абыроймен атқарып шыққым келеді. Содан кейін мені сахнадан көрулеріңіз екіталай. Хайп пен өсегі көп медиа салада жүргім келмейді. Одан да мені ешкім танымағаны жақсы. Мен ешқашан атақты болуға ұмтылған емеспін. Музыкамен ғана айналыстым, сүйікті ісім мені атақты әрі танымал етті”, – дейді жас әнші.

фото: stan.kz