Роза Әлқожа жаңа түскен келінін ерекша қарсы алды
Роза Әлқожа үлкен ұлы Бейбарыстың жақында шаңырақ көтеретінін айтқан еді. Өнер иесі сырға салу, құдалық рәсімдерінен түсірілген фото-видеолрды да Instagram-дағы парақшасында бөлісіп отырды. Кеше, 11 қарашада қыз жақта ұзату той болып, әншінің отбасы тұңғыш келінін сән-салтанатымен ұясынан алып кетті.
«Осы той болады деген күннен бастап уайым, қорқыныш, қуаныш бәрі араласып, күн сайын өлең төгіле берді. Концертке дайындық, жаңа әндерді жаздыру, киіт алу, алтын қарау деген жұмыстармен бірге түскен жолдарды жазып та үлгердім», — деп жазды парақшасында Роза Әлқожа.
Өнер иесі ән өңделіп үлгермесе де тойда бұл арнауды жанды дауыста орындап берді.
«Тәңірдің таңдайға берген тартуы деп құрбыларыма айтып беріп ем, жақсы ән деп айтуымды құптады. Өңдеп үлгермеген жаңа ән. Сөз сөйлегеннен өлең не әнмен жеткізген оңай екен. Сіздер де өз бағаларыңызды бере отырыңыздар»,- деді әнші.
фото: stan.kz