«Мені тағдырластарым ғана түсінеді»: Танымал тележүргізуші көпшілікке мұңын шақты
Ол күйеуінің жылдық асын бергенін атап өткен.
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желідегі парақшасында бір жыл бұрын өмірден озған жары Қайрат Беркімбаевты есіне алды, – деп хабарлайды Kznews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
«Уақыт, не деген жүйрік едің ағын судай…
Бүтін жүректің екіге айырылғанына, қабырғамның қайысып, асқар таудың шағылғанына да бір жыл болды.
Жүректегі сезімді, кеудедегі қобалжуды жеткізу мүмкін емес. Менің жай-күйімді тағдырластарым ғана түсінер…», – деп жазды журналист.
Ол күйеуінің жылдық асын бергенін атап өткен.
«Қамшының сабындай қысқа ғұмырда бір-бірімізбен сыйласып қана өтуді жазсын. Барымызды, бақытымызды бағалайық…», – дейді Ләйлә Сұлтанқызы содан соң.
фото: әлеуметтік желіден