Әлия Оспанова Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы болды

0

Бұл туралы Әлия Оспанова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Kznews.kz.

«Болашақ» бағдарламасын, және сонымен қатар, халықаралық білім мен ғылым бастамаларын іске асыратын «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның басқарма төрағалығына қадам бастым. Өзімнің халықаралық білім және ғылым саласындағы тәжірибемді елімнің дамуына қолдануға тырысамын», – деп жазды ол.

Әлия Оспанова 1987 жылы Талдықорғанда дүниеге келген. ҚБТУ, Ұлыбританиядағы империялық колледжді, Quantic (АҚШ) бизнес мектебін бітірген.

10 жылдан астам халықаралық ұйымдарда (Microsoft, Microsofticsson, RELX Group (Elsevier), сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда басшылық қызметтер атқарды, онда ТМД елдерінде білім мен ғылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысты.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

«Болашақ» бағдарламасының мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау. Бағдарлама академиялық оқуды (магистратура, докторантура) және әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.