Әли Оқаповтың «Құрмет» орденін қандай жолмен алғанын қоғам белсендісі ашық айтты

0

Соңғы кездері «Құрмет» орденін иеленген Әли Оқапов туралы тақырып қоғамда қызу талқылануда. Мемлекеттік төсбелгіні кеудесіне таққан Роза Рымбаеваның ұлына бағытталған сыни пікірлердің санында шек жоқ. Атышулы журналист, қоғам белсендісі Меруерт Әйтенова дәл осы даулы марапатқа қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Kznews.kz Stan.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Алғашқыда Әли «Құрмет» орденін алғанын айтып, әлеуметтік желіге марапаттау рәсімінен бірнеше фото-видео жариялаған. Дәл сол сәтте халық жағымсыз пікірлер арқылы бірден қарсылық танытқан. Мұны көрген Оқапов бүкіл марапатынан бас тартатынын айтып, жеке парақшасында видео жүктеген.

Ойда-жоқта «Құрмет» орденін алған Әлиге қатысты қоғамда түрлі пікір бар. Оқырмандардың басым бөлігі Оқаповтың бұл жетістікке жетуін атақты анасының арқасы деп топшылаған. Меруерт Әйтенованың да пікір халықтың ойымен ұқсас екен.

«Әлидің деңгейінде қаншама әнші бар ғой. Әлиден асып кететін де, Әлиге жетпейтін немесе Әлидің қасында деңгейлес жүрген әншілер бар. Олардың да шамына тиіп қалады ғой. Талай әнші айқайлап айта алмайды, бірақ ішінен айтып отыр ғой. Мысалы, «менің мықты еңбегім бар, маңдай тер, табан ақымен жүрмін. Бірақ менің анам халық әртісі емес қой» деп армандап отыр ғой. Соларды да ойлап қою керек те. Халық әртісінің баласы болу қанша дегенмен де мүмкіндік қой. Бәрібір баланың жолын ашып, әсер етеді», — дейді Меруерт Әйтенова

Атышулы қоғам белсендісі бұл сұхбатында «Құрмет» орденіне әншілер емес, елімізде ерен еңбегімен көзге түскен өзге саланың қарапайым қызметкерлері лайық екенін ашық айтты.

«Әншілер марапатқа таңсық емес. Өйткен оларға мемлекеттік марапаттан бөлек, түрлі музыкалық жобаларда төсбелігін тағып жатыр. Олар мұқтаж емес. Ал енді біздің қаншама орманшыларымыз, төтенше жағдай қызметінде жүрген қаншама азаматымыз, полиция қызметкерлері, мұғалімдер, инженерлер, технологтар сияқты қаншама адамның еңбегі бар да. Полицейлердің қаншасы адамдарды қорғаймын деп жауыздың қолынан өлді, қаншама өрт сөндірушілер адамға араша түсемін деп өлді, қаншама мүгедек боп қалды. Тіпті суға ағып кетіп бара жатқандарды құтқарған мамандар бар. Солар құтқармаса судың астында өліп қалар еді. Міне, әншіге қарағанда осындай адамдар құрметтелсе, сонда біздің Үкіметтің марапаты, бізге деген махаббаты жақындайтын еді. Өйткені әншілер әдемі жерде күнде жүр ғой. Тойдың өзінде де олар әдемі көйлегін киеді, әдемі өлеңін айтады, тәтті тамағын жейді. Сол жағын да ескеру керек, солар көбіне лайықты», — дейді журналист.

фото: stan.kz