Заңгер Айгүл Орынбек шенеуніктерге шүйлігіп, үндеу жасады

0

Заңгер Айгүл Орынбек шенеуніктерге шүйлігіп, үндеу жасады.

Facebook әлеуметтік желісінің белсенді қолданушысы, жеке кәсіпкер, заңгер Айгүл Орынбек Қарағандыда орын алған апатқа қатысты пікір білдірді. Ол өзінің әлеуметтік желідегі жазбасы арқылы халықтың үніне құлақ аспай, кабинетке қамалатын билік басындағыларға үндеу жасады.

“Қабырғамыз қайысып көңіл айтамын” дейсіңдер ме? Адам өлгенде ғана, Президент ұшып барып бақылауға алғанда ғана арттарыңды былғары креслодан көтеріп, қабырғаларың қайысып халық алдына шығасыңдар бастарың салбырап! Ей, үкімет, осы уақытқа дейін қайда болдыңдар? Тамыздағы жарылыстан кейін, неге бұл жарылысты алдын алмадыңдар? Халықтың үнін естимейсіңдер кабинеттеріңе тығылып! Ауыл аймақты араласыңдар халықты емес, қызыл кілеммен жүріп әкімдердің қолын алып кетесіңдер! Өтірік есеп, “өмір ғажап, бәрі керемет бақылауда”, деп беттерің былшиып отырасыңдар! Сендер осы апатты жағдайлардан ақша жасамайсыңдар ма? Бір шахтаны игере алмай жатсыңдар, атомдық станцияны тіпті ойлаудың өзі қорқынышты.

Отыз екі отбасы қара жамылды бір күнде, ал кейбір жемқорлардың еттері де беттері де қайыса беретін қабырғалары да үйреніп қалған?! Өте ауыр қайғы.
Жақындарынан айрылып аза тұтып жатқандардың отбасынан көмек бере алмағаным үшін кешірім сұрап, көңіл айтамын»,- деп жазды заңгер.

Фото: Айгүл Орынбек Facebook парақшасынан