Петропавлда Қазақстан-Ресей Өңіраралық ынтымақтастығының форумы басталды

0

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат — Петропавл қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар


Елбасы Қазақстан-Ресей Өңіраралық форумына қатысу үшін Петропавлға келді

Форум аясында еліміздің туристік әлеуеті және саланы дамыту жоспарына қатысты ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының баяндамасы тыңдалатыны күтілуде.

Сонымен қатар Ресейдің туризмге жауапты ведомство өкілдері де саладағы тың үрдістер бойынша таныстырылым өткізбек. Ал екі елдің облыстарының басшылары ынтымақтастықты дамыту шараларына қатысты мәліметтерді жария ететін болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұрсұлтан Назарбаев пен  Владимир Путин форум қарсаңында  Петропавлда ашылған «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері» атты  көрмемен танысты.

Көрмеге еліміздің барлық өңірі, көрші мемлекеттің 11 аймағы, сондай-ақ жетекші туроператорлар қатысуда. Әр өңірдің ерекшеліктерін таныстыратын 40-тан астам экспонат қойылған. Мәселен, Ресейдің Омбы облысы болашақтың қонақ үйін ала келген. Ол — мөлдір шар тәріздес эко-қонақ үй.

Көрменің ашылуына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, РФ Туризм бойынша федералдық агенттік басшысы Олег Сафонов қатысты.

Шара барысында бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қойылды.