Мәсімовтің көмекшісі Ербол Орынбаев азаматтығын ауыстырмақшы — БАҚ
Қаңтар оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің жақын адамдарының бірі Ербол Орынбаев азаматтығын ауыстырады. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.
«Орынбаев қазір АҚШ-та. Ол Америка азаматтығын алуға өтініш беріп үлгерді. Мәсімовтің көптеген алаяқтық әрекетін Орынбаев басқарды деген ақпарат бар»,—делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ербол Орынбаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтің көмекшісі қызметін атқарған еді.
фото: gov.kz