Шенеунік қазақша жауап бере алмаса, онда ол үшін әріптестері жауап береді — Азамат Жолманов

0

Мемлекеттік қызметшілер қазақ тілінде жауап бере алмаса, оған қасындағы әріптестері көмектесе алады. Осылай деген мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов шенеуніктерге қазақ тілін білуге қатысты қандай талаптар қойылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2021 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында Мемлекеттік қызметкерлер қазақ тілін еркін меңгеруі керек деген талап қою ұсынылған болатын. Бұл бастама қабылданды ма? Қазіргі уақытта шенеуніктерге қазақ тілін білуге қатысты қандай талаптар қойылады? Бұл сұрақты Stan.kz тілшісі мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолмановқа қойды.

Ведомство өкілі бұл мәселе 2021 жылы заң жобасында қаралғанын айтты.

«Алайда әрі қарай талқылау кезінде осы норма кейбір азаматтардың құқықтарын шектейтіні анықталды. Конститутцияға сәйкес мемлекеттік қызметке кірірде дискриминациялауға ешкім жол бермейді. Яғни тілімен, дінімен, ұлтымен. Сондықтан бұл мәселені біз алып тастадық”,- деді орталық коммуникацилар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Азамат Жолмановтың айтуынша қазіргі уақытта қазақ тілін «В1» деңгейінен төмен білетін кандитаттар іріктеу кезеңінен әрі жіберілмейді. Академияға түсетін мемлекеттік қызметшілерге де қазақ тілін жетік меңгеруі міндетті екенін атап өтті.

“Бұл мәселеге қазіргі кезде көңілімізді аударып жатырмыз. Жоғарыда айтып өткен талаптар бар. Мәселен, әр мемлекеттік органға арызданушы қай тілде жүгінсе, сол тілде жауап беруі тиіс. Мысалы, сіз қазақ тілінде сұрақ қойсаңыз сізге сол тілде жауап беруі керек. Орыс тілінде жазсаңыз орыс тілінде жауап беруі керек”,- дейді ол.

Жолманов мемлекеттік қызметкер немесе шенеунік арызданушыға қазақ тілінде жауап бере алмаса, оған әріптестері көмек көрсете алатынын айтты.

“Қазақ тілінде қойылған арызға жауап бере алмаса, онда ол үшін оның қасындағы әріптестері жауап бере алады. Ал біз өз кезегімізде академияда мемлекеттік қызметшілерді ресми қазақ тіліне өзіміз үйретіп жатырмыз”,-деді ол.

Тілшіміз жалпы мемлекеттік қызметкерлердің қазақша жауап беруін талап ету заңды ма?,- деп сұрақты нақтылады.

“Бұл жерде азаматтардың ыңғайына қарай жасалған мәселе ғой. Мен белгілі бір тілде шағымдансам, сол тілде жауап алғым келеді. Кейбірі басқа тілді озық меңгермеген шығар. Сондықтан да азаматтардың ыңғайына қарай осындай норма қабылданды”,- деп жауап берді ведомство өкілі.