М дыбысы мен әріпі — Ашық сабақтар — Bilim
(Ұ) Мата, маса, маймыл дегенде басында қандай дыбыс естіліп тұр.
-М дыбысы
-Кәне, бәріміз М деп айтып көрейікші
— М М М қалай айтылып тұр?
-Қысқа кедергіге ұшырау арқылы айтылып тұр…
М дыбысы қандай дыбыс?
-М дыбысы дауыссыз дыбыс.
-Қай үйшіктің тұрғыны?
-Көк
Жарайсыңдар!
Оқулықпен жұмыс. Оқулықта баған түрінде берілген сөздерді буындап оқу.
мата марал алма мал адам
маса томар шама мол Марат
Арман алма отырма сулама
(Т) «Кім тапқыр» ойыны.
І топ. М дыбысынан басталатын сөздер айт.
ІІ топ. М дыбысы ортасында келетін сөздер айт.
ІІІ топ. М дыбысы соңында келетін сөздер айт
ІV топ Сөйлем құра. М дыбысы бар сөздерден.
Дескриптор:
М дыбысынан басталатын сөздер айтады;
М дыбысы сөздің ортасында кездесетін сөздер айтады;
М дыбысы сөздің соңында келетін сөздер айтады.
М дыбыс бар сөздерден сөйлем құрайды.
(ҚБ) Кері байланыс.
(Ж) «Суреттер сөйлейді» әдісі.
1.Суреттердегі сөздерді атап буынға бөл.
2. Суреттегі заттарды байланыстырып сөйлем құрастыр.
Дескриптор:
Суреттерге қарап сөздерді атап, буынға бөледі.
Сөйлем құрастырады.
Дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті.
Дереккөз: http://bilim-all.kz/