Ресей мен Батыстың арасындағы қақтығыстың табиғаты немесе путиндік клептократия

0

Стэнфорд (АҚШ) университетінің профессоры, философ Фрэнсис Фукуяма «Тарихтың соңы және соңғы адам» атты жұмысымен танымал. Аталмыш еңбекте ол Ресей мен Батыстың қазіргі қақтығыстары туралы өзінің көзқарасын білдіреді.

Фукуяма бұрын жариялаған тарихтың аяқталуын және бүкіл әлемдегі капитализмнің және либералды демократияның соңғы қосылуын әлі толық аяқталмағанын мәлімдеді. Қазір демократиялық жүйенің аздап тозуы мен «осы құндылықтардан дүниежүзілік қоғамдастықтың бас тартуы емес, уақытша ажырауы» байқалады деп айтты.

Фукуяманың айтуынша: «Демократия рецессияда, бірақ демократияның дамитынына үміт бар, себебі басқа нақты балама жоқ». Фукуяма Батыстың Ресеймен өркениетаралық қақтығысы бар деп санамайды.

Оның айтуынша, ұлттар деңгейінде болмаса да, құндылықтар бойынша оппозиция сақталған. Бірақ мемлекеттік деңгейде оппозиция президент Владимир Путиннің қоршаған ортасына байланысты. Фукуяма Ресейдегі қазіргі билікті клептократтық ретінде сипаттады (ежелгі грек тілінен аударғанда «клептократия» деген сөздің мағынасы — «ұрылардың билігі». Мұндай елдер бүкіл экономикасы ресурстарды саудалаумен байланысы бар үшінші елдердің бірі болып саналады. «Ресей Президенті Путиннің айналасындағы элиталардың жеке мүдделері бар, олар әрдайым Батыстың элитасының мүдделерімен сәйкес келмейді. Әлеуметтік жүйелердің күресі туралы айтатын болсақ, бұл әңгіме орынсыз. Егер Кеңес Одағы Маркс пен Энгельстің идеологиясына негізделген балама құндылықтар мен қоғамдық тәртіпті ұсынса, онда бүгінгі Ресей қазіргі әлемдік тәртіптің жүйесіне кіреді. Соңғы жылдардағы қарсыластық «Ресейдегі элитаның жеке мүдделерімен» байланысты»,- деп қосты Фукуяма.

«Путин өзінің баламасын Батыстың істеген істерін қабылдамайтындығын дәлелдеу құралы ретінде жасаған, бірақ бұл өркениеттік балама емес», — деді ол. Сонымен қатар, Фукуяма Путиннің саясатының негізгі қателігін, қарапайым ресейліктердің қадір-қасиетін және қауіпсіздікпен өмір сүруін қалайтындығын айрықша атап өтті. Фукуяманың айтуынша, Владимир Путиннің Ресейдің ұлылығы туралы өз ойы бар, бірақ ол көршілерге үстемдік ету ниетімен байланысты. Бұл Ресей, ЕО және АҚШ арасындағы қатынастардың тітіркендіргіш факторы.

Ресейдегі проблемаларға тоқтала отырып, ғалым Путин 2000-шы жылдардың басында ресейліктердің өркендеуге деген сұранысын ішінара қанағаттандыра алды, бірақ оның табысы негізінен энергияның жоғары бағасына байланысты болғандығын айтты. «20 жылдай үкімет үшін ол «энергия бағасына тәуелді болмай-ақ өсетін экономика құра алмады. Бұл оның режиміндегі үлкен әлсіздік. Ол ресейліктердің тұрақтылық пен өркендеу туралы армандарына өмірге айналдыруы екіталай деп қорытындылады.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымының кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті.

«Қамшы» сілтейді