Қытай билігі өздерінің мемлекеттік қызметкерлеріне iPhone телефондарын пайдалануға тыйым салды

0

Қытай билігі өздерінің мемлекеттік қызметкерлеріне шетелде жасалған телефондарды, атап айтқанда, iPhone телефондарын пайдалануға тыйым салды. Осыған байланысты Apple акциялары екі күнде 6%-ға құлдырады. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайдың мемлекеттік компанияларға iPhone телефондарын ұстауға тыйым салғандықтан Apple акциялары 6%-ға төмендеді. BBC агенттігінің мәліметінше, екі күн ішінде компанияның қор нарығындағы құны 200 миллиард долларға жуық шығынға ұшырады.

Қытай – Apple компаниясының үшінші 
ірі нарығы. 2022 жылы қытайлық 
тұтынушылар компанияның 
жалпы кірісінің 18 пайызын 
құрады. Сондай-ақ Apple 
өнімдерінің басым көпшілігі 
Қытайда жасалады.
Шетелдік смартфондарға тыйым 
кезең-кезеңімен енгізілді. Алғашында 
бұл орталық мемлекеттік аппараттың 
шенеуніктеріне ғана қатысты еді.
 Сәрсенбі күні Wall Street Journal
 басылымы мемлекеттік қызметкерлерге
 iPhone телефондарын кеңсеге әкелуге 
және оларды жұмыс мақсатында
 пайдалануға тыйым салынғанын 
хабарлады.

Bloomberg басылымының мәліметінше, 
мұндай талап мемлекеттік компаниялар
 мен үкімет қолдайтын мекемелердің
 қызметкерлеріне де қойылғанын.

фото: fotolia.com/ Syda Productions