Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы
Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … …
1. ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА — ЖАС ҰРПАҚТЫҢ РУХАНИ ДАМУ ӨЗЕГІ.
1.1. Халықтық педагогика мен салт-дәстүрлердің тұлға тәрбиелеудегі
рөлі … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … … …
1.2. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі ұлттық тәлім-тәрбиенің
қосар
үлесі … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … .
1.3.Қазақтың ағартушы педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие
беру және оған болашақ мұғалімдерді дайындау туралы ой-
пікірлері … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … …
2 ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ
ЖОЛДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ.
2.1.Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің
маңызы … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … …
2.2.Оқу үрдісінде салт-дәстүріміздің кіріктірілу мүмкіндіктері және
оның тәжірибелік
көрсеткіштері … … … … … … … … … … … … … … …
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … …
Пайдаланылған
әдебиеттер … … … … … … … … … … … … … … … …
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстандағы саяси- әлеуметтік,
экономикалық өзгерістермен қатар, білім саласындағы басты проблемаларды
шешетін және жүзеге асыратын жас ұрпаққа ұлттық педагогикалық ұлттық тәрбие
беру қажет.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің
тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 2030 халыққа жолдауының
Қазақстан мұраты бөлімінде былай баяндалған: Ол ұрпақтың тәрбиесінде
дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық
жасайды. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, әрі сыйлы, өз
елінің патриоттары болады. Ал Қазақстан Республикасының Білім туралы
заңында Білім беру жүйесінің міндеттері азаматтық пен елжандылыққа, өз
Отаны — Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді
құрметтеуге, қазақ халқы мен Республиканың басқа да халықтарының тарихын,
әдет ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді және шетел тілдерін
меңгеру деп айрықша атап көрсеткен.
Ұлттық тәрбиені қалыптастыруда ұлттық пеадгогиканың ғибраты мол. Ол
рухты рухтандырып, оның ішкі-сыртқы келбетін өрнектеп көрсетіп отыратын
сипаттардың бірі екенін ғалымдарымыз айтып, дөп басқан. Тіл мен дәстүр
әрдайым бір-бірімен тығыз байланысты болып, біріне-бірі күш береді, бірін-
бірі байытады . Әрбір оқушының санасын рухы ұлттық білім мен тәрбие беру
арқылы дамытады.
Қазақ мектебінде салт-дәстүрді берудің негізін қалаған ХХ ғасырдың
басындағы қазақ зиялыларының толғандырған ойлары, қазіргі Қазақстандағы
ұлттық білім беруде тірек болады. Білім мен тәрбие міндеттері жедел түрде
ұлттық болмайынша, алдындағы борышқа негізделмейінше, жалпы адамзатқа
қызмет ету мүмкін емес.
Ұлтық педагогикамыздың жас ұрпаққа берер тәрбиесі ұшан теңіз. Салты
мен дәстүрін ұмытқан азамат Отаны мен туған жерін, анасының ақ сүтін
ұмытқан адам қатарына қосылуы заңды құбылыс. Бала бойына әділеттіліктің,
адамгершіліктің қайнар бұлағын сіңіру үшін, болашақ мұғалімдер дәстүрі мен
ұлттық қағидаларды әрқашанда оқушыларға тәрбие мен білім беруде қоса
ұштастырғандары дұрыс.
Зерттеудің мақсаты: Ұлттық педагогиканың жас ұрпақты тәрбиелеудегі
ерекшелігі мен қазақ зиялыларының ұлттық тәрбие берудегі көзқарастарының
мәнділігін, оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық салт –дәстүрлерді пайдалану
жолдары мен оны ұйымдастырудың жолдары мен тәсілдерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерге педагогикалық анализ жасау;
2. Ұлттық педагогиканың оқу-тәрбие үрдісіндегі маңызын анықтау;
3. Салт –дәстүріміздің тәлім-тәрбиелік мәнін ашу;
4. Оқу-тәрбие үрдісіндегі оқушыларға ұлттық педагогиканың негізінде
тәрбие берудің жолдары мен тәсілдерін айқындау.
Зерттеудің базасы: №48 Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ орта мектеп.
Зертеудің нысанасы: 3 А сыныбы.
Зерттеу пәні.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Психологиялық, педагогикалық және ұлттық
педагогикалық әдебиеттерді талдау мынадай ғылыми болжам ұсынуға мүмкіндік
береді. Егер әрбір пәнде ұстаз өз салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жаңғыртып,
жас ұрпаққа орасан зор тәрбие беріп отырса, оқушылардың дүниеге деген
көзқарасы мен сана сезімі жоғарылап отырған болар еді. Ғасырлар бойы дамып,
қалыптасқан және өркендей беретін халық педагогикасының қасиетін қадірлеп,
ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз- болашақтың
сәулетіне нұрын шашатын, күн шуағы іспетті. Адамды адам еткен еңбек пен
тәрбие болса, сол еңбекті ұрпағына үйретіп, адамдыққа баураған халқымыздың
танымдық, тәрбиелік дәстүрлері, салт-санасы, бай да баянды мұра.
Жас ұрпақты халық педагогикасы дәстүрімен тәрбиелеуде біз ұлттық
тәрбиені бүкіл адамзаттық тәрбиемен, яғни әлемедік педагогика ғылымының
жетістіктерімен байланыстыра білуіміз керек. Бұл ретте балалар сахнасы мен
теледидар, кино экрандарын пайдаланудың мәні зор. Ол қазіргі күннің
талабына сай жас ұрпақты білімді, зеректі, қабілетті ғып тәрбиелеу мен
қатар ұлттық тәрбие беруге мүмкіндік туғызады.
Сондай-ақ, ұлттық дәстүр мен ұлттық тәрбие оқу-тәрбие үрдісінде тәрбие
жұмыстарынның тиімділігі мен сапалығын арттыруға мүмкіндік беріп, жас
ұрпағымыздың бойына адамгершілік, ұлт жандылық, кішіпейілділік, имандылық
сезімдер ұялаған болар еді деп болжаймын.
Зерттеудің әдістері: психологиялық, педагогикалық, мәдениеттану,
өнертану әдебиеттеріне талдау жасау, бақылау, әңгімелесу, өнеге көрсету,
жүйелеу, жинақтау, эксперимент т.б.
1 ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА — ЖАС ҰРПАҚТЫҢ РУХАНИ ДАМУ ӨЗЕГІ.
1.1. Халықтық педагогика мен салт-дәстүрлердің тұлға тәрбиелеудегі
рөлі.
Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың жылдар жасап келеді; сәт сайын
өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік жалғасуда. Адамзат елшісіне ғана
тиісті сол тірлік дамуының бар болмысы тәрбие. Демек, қай заманның қай
қоғамның болмасын көкей тесті мәселесі болып келгендігі дәлелдеуді қажет
етпейді. Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.
Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де
халықтық мәселе болған. Қазақ халқы рухани зор байлықтың мәселесі. Қазақ
бүкіл әлемдік өркениетке ерек орын алатын ғұлама Әл – Фараби бабамыздан
бастап, түрікі тілдес халықтарға өшпес асыл мұра бар. Орта ғасыр
ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Яссауи трактаттарында, сондай – ақ алтын
орда дәуірінің далалары бір халықтың ғана емес, адамзат тудырған
адамдарының қатарындағы ұлы Абай мұрасының оның педагогикалық көз
қарастарының алар орыны алдына бір тірек топ. Озық мәдениеттің жарық
жұлдыздары Шоқан, Ыбырайлармен қатар ХХ ғасыр басында тәлімдік ой
пікірлермен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Халел,
Мағжан, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Міржақыптардың ұлттық дәстүрді өз
туындыларының негізгі арқауы еткен педагогикалық мұралары қазіргі заман
талабымен үйлесе үндесіп жатқандығы белгілі. Мыңдаған жылдар бойы тырнақтап
жиналған халықтың осынау рухани мол мұрасы әлемдік озық үлгілермен астаса
келіп оқу – тәрбие қызметіне негіз болды. Білімділерді баптап өсірер тәрбие
керек, Әбу Насыр Әл- Фараби “адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі
керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның
барлық өміріне апат әкеледі ” деген болатын. Жалпы адамзаттық тұрғыдан
қарағанда тәрбие мақсаты әрбір тұлғаны жан – жақты жарасымды етіп
тәрбиелеу. Олай болса, бүгінгі ұрпақтарға білім – ғылым нәрін берумен
қатар, өз халқымыздың тұғыр тағылық қағидаларын жеке үйретіп, игерудің мені
зор. ХХ ғасырдың 1-ші ширегінде қазақ елінде педагогикалық ойлардың
қалыптасуына Ш. Құдайбердиев., А. Байтұрсынов., М. Дулатов., М. Жұмабаев.,
Ж. Аймаутов зор үлес қосты. Ағартушы – ғалым А. Байтұрсынов “Жан мен тән”
мақаласында адамның жан жақты, үйлесімді дамуына ерекше мән беріп, кімнің
тәні сау болса, соның жаны да сау болады және рухани мәдениетінің негізгі
болып, оның оқып жинаған білімі, әдет – ғұрпы мен дағдылары, жақсы ой
пікірлерді айта отырып, бастауыш сыныптардағы білім беру жүйесінің
ерекшелігін көрсетті. “Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті
сенімді болуы қай халықтың мектебінде болса, оқу кітапша-ана тілінде өз
ұлтының тұрмысынан, hәм табиғатынан жазылып баяндап оқытылуы қажет, осылай
біліп баяндағанда, оқытқанда, жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы
сіңіп, ана тілін анық үйреніп, керекті мағлұмат алып шығады, мұндай балалар
бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың медресесінде оқыса да,
тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады,”-
дейді.
Дана халқымыз “ақыл – жастан, асыл — тастан” нақылмен дәлелдеп кеткен.
Баланың қиялын шыңдап, үлкен адам болып шығуына ұстазы мен ата – анасының
ролі үлкен. Қабілеттің туа даритын және жүре игеретін табиғаты болатынын
психолог ғалымдар дәлелдеп келеді. Балалардың жеке басының қасиеттерін
тәрбиелеу – олардың қабілеттері дамуының шешуші шарты: еңбексүйгіштік,
табандылық сияқты қасиеттерді тәрбиелеу – олардың қабілет көздерін ашудың
ең өнімді жолы – еңбек, ерік пен мінезді тәрбиелеудің тамаша құралы.
Кіші жастағы оқушыларды ертерек тәрбиелеуді қолға алсақ қана, олар
ержетіп өздерінің үлестігін парасаттылығымен қосып биік тұрғылардан шығады.
Халық педагогикасы тәрбие тегін әр баланың жеке бас ерекшелігін
(психологиясының) ескере отырып жүргізуді ескертеді;
Халық педагогикасын баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата –
ананың, отбасы үлкендердің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған.
Халық педагогикасының тағы бір ұсталымы балаға үлкен талап қою, оның
жеке басын қадірлеуге негізделген;
Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту барысында дамыту – көкейкестің мәселелердің
бірі;
Халық педагогикасының негізгі ұстанымының бірі – тәрбиенің
біртұтастығы;
Тәрбие ісінің туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуінің халық
педагогикасында, ғылыми педагогика да құптайды;
Халық педагогикасы отбасы үлкендерінен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер
иелері түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген. “Балаңды өз
тәрбиеңменен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле,” – бабаларымыз
айтқан болатын. Адамгершілік ар – ождан, кішіпейілділік, қайырымдылық,
ізгілікті арқау ету. Тіршілік тұтқасы өмірдің шамшырағы өнер өлмес мұра
дегенді насихаттап ертегі, өлең, жыр, мақал – мәтел, аңыз әңгімелер
ұсынған.
Жалпы орта мектептің білім мазмұны тұжырымдамасында тәлім – тәрбие
мазмұнының сегіз саласы; ақыл – ой тәрбиесі, имандылық тәрбиесі, еңбек
тәрбиесі, жыныстық тәрбиесі, патриоттық тәрбие көрсетілген. Қазақтың ұлы
педагоктарының бірі Мағжан Жұмабаев “Педагогика” деген еңбегінде тәрбие 4
бөлімнен; дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құлық
тәрбиесінен тұрады деп көрсеткен. Өмір сұрудің басты заңдылығы “ыстық
қайрат, жылы жүрек, нұрлы ақыл” болса, осы 3 қасиетті шәкірттердің бойына
сіңіру ұстаздардың бұлжымас міндеті. “Ыстық қайрат” спортқа баулу; нұрлы
ақыл санасына білім нарегін құю; “жылы жүрек” – эстетикалық адамгершілік
тәрбие беру, — дейді ғұлама Абай. Жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы
тәрбие беру бүгінгі күннің талабы.
Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың білім беру саласы қызметкерлерінің съезінде
сөйлеген сөзінде анықтап айқын көрініс тапқан еді. Ұлттық жалпы адамзаттық
қадір-қасиеттерінің маңызын түсінетін жаны да, тәні да таза, білімді
патриот азаматтарды тәрбиелеу міндетіміз.
Ұрпақ гүлденсе, ел жаңарады. Көргенді ұрпақтан көрген дана халық
тарайды. Міне сондықтан да ұрпақ тәрбиесі ел алдындағы зор міндет.
Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді
де мәдениетті , парасатты денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару
мектептің ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Ғасырлар
бойы дамып, қалыптасқан және өркендей беретін халық педогогикасының
қасиетін қадірлеп, ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле
бастағанымыз болашақтың сәулесіне нұрын шашатын күн күн шуағы іспетті.
Еңбекті ұрпағына үйретіп, адалдыққа баураған халқымыздың танымдық тәрбиелік
дәстүрлері, салт санасы, бойда баянды мұра.
Қазақтың халық педагогикасын тіл әдебиеттік қасиеттеріне қарай:
жаңылтпаштар, санамақтар, жұмбақтар, мазақтамалар, мақал-мәтелдер, өтірік
өлеңдер, шешендік сөздер, ертегілер, аңыз-әңгімелер, тұрмыс-салттық
қасиеттеріне қарай: кісілік, әдептілік, намыс пен абырой, имандылық,
салауаттылық, бауырмашылық, мейірімділік, адамгершілік қарапайым
қатынастар, ұлттық ойындар, рәсімдер, салттар. әдет ғұрыптар деп атауға
болады. Ең әуелі ұлттық тәрбиенің мән-мағынасын, мазмұнын жақын жан-жақты
жақсы біліп, тәлім-тәрбиеге оны пайдаланудың тәсілдерін жауапкершілікке
үйренген жөн. Халық педагогикасының жаңылтпаш, санамақ, жұмбақ, мәтелдер,
мазмұндама сияқты танымдық тәрбиелік мәні зор салаларын әсіресе бастауыш
мектеп мұғалімдері тәрбие ісіне жан-жақты пайдалануда ықылас аударады.
Халық педагогикасы үнемі даму үстінде мысалы, жаңылтпаштың жаңа
түрлерін тек ширатып қана қоймай, дүние танытады, сөз қорын молайтады,
тәрбиелейді.
Мысалы: Былдыр-былдыр бүлдіршін
Бұл- бір білгір бүлдіршін
Білгір бұл бір бүлдіршін,
Білгірлігін білдірсін, — деген жаңылтпаштан
сол танымдық, тәлімдік, мақсаттар толық көрінеді. Халықтық педагогика-
тұнып тұрған асыл қазына, өсиет, өнеге, білім, тәрбие. Әр халықтың ғасырлар
бойы ұрпақ тәрбиесіне негізделген өзіндік педагогикасы бар. Бүгінгі таңда
қазақ халқының ұлттық мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпаққа
халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің қажеттігі артып отыр. Төмендегі
суретте Халық педагогикасының барлық түрлері қамтылған әр тәрбие бөлімі
бойынша өткізілетін тәрбие шараларының мазмұны мен оны жүзеге асыру
шаралары толық көрсетілген. Әр тәрбиеші –мұғалім өз оқушысының жас және
дербес ерекшеліктерін жағдай, халықтың педагогикада тәрбие бөлімдері бір-
бірімен тығыз байланысты, іштей сабақтасып жатады. Ғылыми-педогогикалық
еңбектерде де тәрбие процестерін кешенді түрде жүргізу жайлы айтылады.
Сондықтан тәрбие шараларын жоспарлап өткізерде, бір ғана мақсатпен
шектемей, бірінші мақсат-міндеттерді шешуге ұмтылған дұрыс. Сегіз қырлы,
бір сырлы жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу үшін бар мүмкіндікті сарқа
пайдалану керек. Қазақтың ұлттық педагогикасының сарқылмас мол
қазынасындағы баға жетпес байлықтың бірі — әдеп тәрбиесі. Әдеп белгілі-бір
халықтың әдет-ғұрпына тұрақтанып, қалыптасқан этикалық тәртіп екені
белгілі. Қазақтың ұлттық педагогикасының сарқылмас мол қазынасындағы баға
жетпес байлықтың бірі халықтың әдет –ғұрпы.
Әдет тәрбиесін жас ұрпақты ізеттілік, сыпайылылық, инабаттылыққа
баулу тәрбиесі. Отбасындағы әдеп тәрбиесінің негізгі мазмұнын: ана тіліне
уызынан жарыту; үлкенді сыйлау; ата-баба дәстүрін құрметтеуге үйрету; обал-
сауапты білуге имандылыққа тәрбиелеу, махаббат сезімімен, отау құру, бала
тәрбиесінің аса нәзік тұстарын түсіндіреді.
Отбасындағы әдеп тәлім-тәрбиесінің басты түрлеріне мыналар жатады:
Әке мен ананың жеке тәрбиесі, үлгі өнегесі;
Ата мен әженің отбасы мүшелерінің, көрші мен туған-туысының тәлім-
тәрбиесі;
Халық даналығы (мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, аңыз, ертегі,
батырлық, ғашықтық жырлар, т.б.).
Ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер; көркем әдебиет, теледидар, радио
хабарлар.
Отбасындағы әдеп тәрбиесінде оқу орнынан тыс тәлім-тәрбие
жұмыстарында да көп көңіл бөлінсе, нұр үстіне нұр. Рухани қыз, Ата мен
әже-балалар энциклопедиясы, Әдеп туралы мақал-мәтелдер, Әдеп –
адамгершілік негізі деген атпен тәрбие сағаттарын, пікір сайыстар өткізген
дұрыс.
Алты жасар баланы әдепті болуға тәрбиелеп, қарым-қатынас мәдениетіне
үйрету тиімді. Басты назар аударатын мәселе әдеп тәрбиесінде отбасы,
балабақша, бастауыш, мектеп арасындағы бірлікті нығайту сабақтастығын
қамтамасыз ету. Қазақ халқының ұлттық тәлімі мен өнегесінің бүгінгі таңда
ұрпақ тәрбиесінің негізіне алынуы – ел мүддесі, заман талабы.
2. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі ұлттық тәлім-тәрбиенің қосар үлесі
Төл тілімізді, дәстүрімізді, тарихымызды елдігіміз бен ерлігімізді,
рухымызды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру ісіне қайсарлықпен атсалысқан белгілі
ұстаз, шебер ұйымдастырушы, абзал азамат Мұхтар Арынның 1996 жылы жарық
көрген Бес анық кітабында тәлім-тәрбиеге, оны қалыптастыруға ерекше мән
берген.
Тәрбие туралы толғамдарында автор қоғамның рухани дамуын қолға алмай
тұрып, басқалай, яғни материалдық саласын жолға қоюдың мүмкін еместігін,
бүкіл адамзат баласы әлдеқашан түсініп, бойға сіңіргеніне ден қойған.
Ұлттық сананың қайнар көзі болып табылатын еселенуге тиіс ерекшеліктер
жөнінде айта келіп, профессор ұлттың күретамыры да, қаны да, ең алдымен,
оның тілі. Сондықтан да тілден айырылып бара жатқан ұлтымызды жақсы
жағдайда болып еді деп айтуға ешкімнің аузы бара қоймас, — дейді.
Тілімізден айырылмау үшін не істеу қажеттігіне назар аударады. Ең алдымен
өз тілін білу – перзенттік парыз екенін ұрпақтарымызға ана сүтімен, әже
әлдиімен, ұғындырған жөн. Балабақшадағы, мектептегі, тәлім-тәрбие де соған
негізделуге тиіс. Кезінде А. Байтұрсыновтар ұсынған балалардың бірінші
мүшелге дейінгі ой жүйесін ұлттық рухта қалыптастыру мақсатымен оны
кішкентай, сәби кезінен бастап, басқа тілді араластырмай, тек қана ана
тілінде сөйлету керек деген.
Білім, оқу-тәрбие мәселелеріне байланысты бағдарламалар,
тұжырымдамалар жасаған кезде осы қағидалар басшылыққа алынған ләзім.
Алғашқы 4 жылда, яғни бастауыш мектепте басқа тілді араластырмай, орыс
тілін мүлдем қоспай, шет тілін де аттап бастырмай, тек қана өзінің ана
тілінде тәрбиелеп, үйрету ұтымды. Ал балабақшаға басқа тілдерді мүлдем
жолатуға болмайды. Мұның өзі ұлтымыздың өркендеуіне, дұрыс бағыт бағдар
алуына аса қажет.
Ұлт пен тіл – ешуақытта ажырамайтын бірімен-бірі кірігіп, кеткен
біртұтас құбылыс алтын дін. Осы бір киелі ұжымды естен шығармаған ел қандай
жағдайда да ана тілін өзгертпейді мәртебесін артырады. Бұл – тәрбиенің өте
тиімді түрі, халқымыздың рухын көтеретін ғибратты тағлым.
Ұлттың рухы тілдің мазмұнын рухтандырып тұрады. М. Арыновтың бұл
пікірінде терең мән, ойлы мазмұн бар. Ұлттық тілден ұлттық бейне таныған
ұлы ақын М. Жұмабаевтың ұлттың тілі кеми бастағанын, құри бастағанын
көрсетеді. Бұл ұлттың тілінде осы ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы,
тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп, деген пайымдаумен үдестік бар.
Кеңестік тоталитарлық жүйе шағын ұлттардың болмысын, рухын
жақсартумен қатар, олардың тілін де, дінін де құрдымға жіберуді мақсат
етті. Сол арқылы ана тілінен, дінінен, салтынан, тарихынан айыруды көздеді.
Орыс рухы көкке көтеріле дәріптелді.
Империялық тәртіпке құлшылық ету күшейді, мүндай озбыр өктемдік ұлт
зиялыларының зығырданын қайнатты. Мұхтар Арын сияқты біртуар тұлғалар ұрпақ
тағдырына халқынан келешегіне алаңдап қолына қалам алады.
Ұлттық тәрбиенің артық асқақтарын дәлелдеуге болатын батыл қадам
жасады.
Ұлттық тәрбиені асқақтатар алғашқы белгі тіл болса, екінші бір белгі
дін. Дінде ұлттық рухты құрушы, соған белгілі бір мазмұн беруші күш бар,
оның ұлттық дүниетанымдық психологияға, санаға тәртіп пен тәрбиеге үлкен
әсері тиеді. Діннің қуатты, күретамыры, күшті жері – адамның бойында
сенім деген сезімді тәриелеу. Діннің арқасында мынау кең далада шашырап
жатқан біздің көшпенді халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, жинақталған.
Мұхаңның бұл пікірлері кеңестік насихатқа мүлдем қарама-қайшы. Діннен
бездірушілерге айтылған қарғыс, жастардың жарты кеш, дүбәрә күй кешуіне
итерлемеген. Отаршыларға басылған айып таңбасы.
Білімпаз ұстаз жастарға ұлттық тәлім-тәрбие беруден пайғамбарымыз
Мұхаммед Ғалайссаламның, ұлы Абайдың еңбектерін жан жақты пайдаланудың
тиімділігін жүйелеп түсіндіреді. Пайғамбарымыздың үлкен ғалым болғаны оның
мың бір хадисінде тәрбие жөнінде ғұламалық ойлар айтылғанын, ғылымды,
білімді бірінші орынға қойғанын зор ықыласпен жазады. Мұхаммед Ғалайссалам
мен Абай шығармаларын бірлігі таңда ұлтымыздың өркениеттілігіне ойлау
қабілетінің дұрыс болуына бағдаршы ретінде қонлдануды ұсынады. Ұрпағымызды
имандылыққа адамшылыққа тәрбиелеу де діннің зор рөл атқаратынын айта келіп,
дін мен пайғамбарымыздың, дін мен Абайдың арасында толық үндестік бар
екеніне таң қалады. Демек, біз Абайды ұлы классик, ғұлама ғалым
кемеңгеріміз, данамыз деп уағыздайтын болсақ, оның үстіне оның кейбір
ойлары Мұхаммед Ғалайссалам пайғамбарымыздың дін туралы айтқаны мен ұштасып
жататын болса, онда дінде де, керек жерінде Абайды қалай пайдалансақ солай
пайдалануымыз керек.
Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Жастар тәрбиесінде діннің алатын орны бөлек ол жеткіншектерді
адалдыққа баулиды, қиянат, ұрлық жасамауға, өтірік өсек айтпауға үйретеді.
Бұрын жаппай діннен безіп, атеист болуға мәжбүрледі. Соның салдарынан
адамдық асыл қасиеттеріміз кеміді, ұлттық азып-тозуды бастан өткізді.
Енді жоғалтқандарымыздың орнын толдыруға тиіспіз. Ол үшін ұлттық
тәлім-тәрбиеге қажетті қаржыны, әдістемелік оқу құралдарын, арнайы дәріс
алатын орындарды, білікті, білімді тәжрибелі ұстаздарды мемлекетіміз қарап,
қамтамасыз етуге міндетті. Әр адам әр отбасы ұрпақ тәрбиесіне жауаптымын
деп санаса, ұлтымыздың рухы тез көтеріледі. Бойымызға сіңген міндеттен
қатыгездік тас жүректіліктен арыламыз. Мейірімділік, қайымдырылық, жан, тән
тазалығы елдігімізді асқақтатады. Ұлттық тәрбиені қалыптастыруда ұлттық
дәстүрдің ғибраты мол.
Ол ұлтты рухтандырып, оның ішкі-сыртқы келбетін өрнектеп көрсетіп
тұратын сипаттардың бірі екенін профессор атаған кітабында дөп басқан. Тіл
мен дәстүр әрдайым бір-бірімен тығыз байланыста болып, біріне-бірі күш
береді, бірін-бірі байытады. Дәстүр ұрпақтан–ұрпаққа жеткізбей жасанды
түрде үзіп тастауға, сөйтіп, тілді, дінді, дәстүрді жоюға сол арқылы ұлтты
құртуға бағыт ұстанады. Арамзаның құрығы бір-ақ тұтам.
Ақыры өзі іріп-шіріп, күйреп тынды. Ендігі мақсат — әлсіреген
дәстүрімізді ұрпақтарымыздың санасына ұялату, оны қайта түлету, жандандыру.
Сәби шыр етіп дүниеге келгеннен бастап дара фәниден дара бақиға
аттанғанға дейін адам баласы пайғамбар Ғалейссалам айтқандай өмірдің
тәрбиесінен өтеді. Өмірдің тәрбиесі деп отырғанымыз дәстүрлер. Жақсы
дәстүрлер көп ретте тәрбиелік ережелердің түрінде қолданылады.
Ұлттың рухынан азық алған ұлттың психологиясынан рухтанған, солар
арқылы пайда болған дәстүрлер біртіндеп сол ұлттың рухын байытушы үлкен
факторға айналады. Кеңес үкіметі ұлттық дәстүрлермен де күресті,
комунистік дәстүр дейтінді ойлап тапты. Біздің бүгінгі таңдағы ел
басшылары дәстүр мәселесіне көңіл бөліп, халқымыздың әдеп-ғұрпын, салт-
санасын ескере отырып басқарса, қандай тамаша болар еді. Әттен мұның өзі
көп жағдайда арман күйінде қалып отыр. Осы бір жылдардан ұстаздың ауыр
күрсінісі байқалғандай. Еліміздегі заңдар дәстүрлерімізді негізге ала
отырып шығарылса, әсіресе оқу-тәрбие мәселесіне байланысты, әділетке
қатысты заңдар осындай жолмен қабылданса, өміршең болар еді, халықтың арман
мүддесіне сай келер еді. Заңдарды дайындағанда, қабылдағанда ұлттық
дәстүрлер ескерілмесе, ұлттық тәлім-тәрбиеге елеулі нұсқан келетін өмірдің
өзі дәлелдей түсуде. Бұл өкінішті – түсінік. Сондықтан мұндай
келеңсіздіктен бас тартқан жөн. Барлық дәстүрге арқау болып тұрған ұлттық
рух деген киелі, қасиетті ұғым бар екенін естен шығармаған абзал.
Бала отбасында, балабақшада мектепте өз шыққан тегін, ата бабасын
біліп өсуі керек.
Әдетте жеті ата мөлшері межеге алынады. Ал одан да арғыларын білсе
тіпті жақсы. Тегін білмегенді тексіз, көргенсіз деп сөгеді. Бұл тұрғыда
халқымыздың шежіресін, тарихын жастардың санасына ұялатудың елеулі маңызы
бар. Ұрпақтарымыхдың тарихқа деген ынта-ықыласын үздіксіз арттыра түсу
қажет. “Өзіңнің ұлтыңды тану деген сөз өзіңді тануды білдіреді. Ұлтыңды
тану дегенің ұлттық сезім тудыру.” “Адамның ұлттық сезімін, өзінің сол
ұлттың өкілі екендігін білдіруге байланысты ұлттық тарихын білу әрине үлкен
шаруа, егер өткенін білсе, ұлттық жерін, елін ұлттық дәстүрін сақтап
қалғанын білсе, ол адам өзінің ұлтқа деген ішкі сезімін одан әрі күшейте
түседі”.
Мұхтар Арынның жазуынша әр халықтың тарихи сол халықтың ұлттық
тәрбиесінің де тарихы. Ұлтымыздың қалыптасуына, мәдениетіне, тәрбиелік
мәртебемізге тарихи процестердің қандай ықпалы болады. Осындай жайлар
тәрбиемен ұштастырыла жүргізілуі керек. Ұрпақтарымыздың мақтаныш сезімін
ақтарлықтай нақты деректер келтіріліп, көрнекті құралдар пайдалануға тиіс.
“Білуге тырысу деген сөз – халқымыздың, ұлтымыздың ерекшелігін, тарихын
білу мен тығыз байланысты. Ұлттық тәлім-тәрбиеде туған жерге деген ыстық
сүйіспеншілік, атамекенге деген қадір-қасиет ерекше орын алуы қажет”. Әр
ұлттық Ұлт болып қалыптасқан мекені бар өзінің бір ұлтқа тәуелдігін
білдіретін адам, сөз жоқ. Сонда сол мекенді толығымен, бүкіл аухымында
білуі керек. Қастерлеуі тиіс. Содан сол мекен мен ұлттың арасында жатқан
терең байланыс айқын сезіледі. Мұхтар Арын тәрбиенің ата мекеніне қатысты
түрін бесінші анық деп атаған. Төртінші анық, тарих туралы сөз еткенде жеке-
жеке бөлшектеп, ата бабасының тарихы рулық тарихы деп қарамай, ұлттық
ауқымда қарау мәселесінде ерекше көңіл бөлген, дәл осы сияқты мекен
мәселесін де бөлшектемей, ұлтымның ата мекені деп қараған жөн дегенді
ұстанған білікті ұстаз “Жерге деген сезім ұлтқа деген сезім екенін әбден
анық білуім керек және оны ұрпақтарымыздың санасына сіңіруіміз қажет”
дейді.
Профессор ұлттық тәрбие туралы айтылуы еңбегінде бес анықтық – тіл,
дін, дәстүр, тарих, ата мекен-қайқайсысыда белгілі бір пәндермен байланысып
жатқанын көруге болады. Ал тілді алсақ, тіл, әдебиет пәні ойға араласатын
өркениетті елдерге ерекше тән.
1.3 Қазақтың ағартушы педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие-беру және
оған болашақ мұғалімдерді дайындау туралы ой-пікірлері.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 30 жылдары өмір сүріп,
қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани, әдебиеттік қызметте отырған,
атқарған қазақ ағартушысы, педагогтарының ұлттық идея туралы ой-пікірлерін
зерттеу қазақтың ұлттық мектептерін жасауда, онда ұлттық тәрбие беруде және
оған болашақ мұғалімді дайындауда ерекше көкейкесті проблема болып отыр.
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев 1999 ж. 15 желтоқсанында
Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі туралы халыққа
жолдауында жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық
тарихымыздағы тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты
мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар Алаштың ардақты азаматтары
еді, — деп, А.Байтұрсыновтың., М.Жұмабаевтың., Ж.Аймауытовтың.,
М.Дулатовтың., Х.Досмухаметовтың тарихта алатын орнына әділ баға береді.
Сол азаматтар ұстаздық етуде және тәлім-тәрбиелік еңбектер жазуда өз
ұлтының салт-санасын үнін зерттеп, сан ғасырлық тарихы бар, ата-бабаларының
халықтық педагогикасы мен психолгиясына терең ғылыми талдау жасады. Сөйтіп
олар халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрі мен
тәлімдік мұраларын жас ұрпаққа, ұлттық тәрбие беруде пайдалану жолдарын
көрсетті. Сол мақсатта олар қазақ мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне
және болашақ мұғалімдерге арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби
шығармалар жазды.
Ендігі сол қазақ ағартушы – педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие
беру және оған болашақтық мұғалімдерді дайындау туралы ой-пікірлеріне
тоқталалық. Ол өзінің оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған болашақ
мұғалімдерді дайындау туралы ой-пікірлерін Қазақ газетінде жариялаған
мақалаларында тіл туралы, әліпби, сауат ашқыш, әліпби астар, оқу
құралы т.б. еңбектерінде жан-жақты айтып, өзі тікелей іске асырып отыр.
А.Байтұрсынов осы жүйенің барлық элементтерінде қазақтың тілін, ауыз
әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет ғұрыпын, салт-дәстүрлерін қазақ
мектептерінде оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану
жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, А.Байтұрсынов Қазақ газеті беттерінде
оқу – ағарту мәселелеріне арналып жазылған Қазақша оқу жолында, Бастауыш
мектеп, Оқу жолы, Мектеп керектері, Қазақ арасында оқу жұмыстарын
қалай жүргізу керек? т.б. мақалаларында ұлттық идея туралы көзқарастарын
кеңінен насихаттады. Мысалы, ол өзінің Оқу жайлы мақаласында қазақ
балаларына білім беру мәселесін Оқусыз халық қанша бай болса да, бірер
жылдан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолында кетпекші. Бұл заманда
қолы жеткендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер – білім.
әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек, 2-ші білім
таратын жақсы боларға қажет.
М.Жұмабаевтың Педагогика атты еңбегі қазақ топырағында тұңғыш жарық
көрген нағыз ұлттық педагогика. Оқу орындарының тыңдаушыларына оқушыларға
ұлттық тәрбие беруге даярлау мақсатында жазылған дүние. Оқулықты алты
алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдердікі, — деп соған
арнаған. Ол өзінің осы педагогикасын 14 ірі бөлімнен құрып, оның өзін
бірнеше бөлімдерге бөліп отырып, ұқыпты түрде талдау жасап түсініктеме
берді.
Сөз басында М.Жұмабаев тәрбие деген не ?, — дейді де, оған жауап
бере келе, оны дене тәрбиесі деп 4-ке бөледі: Егерде адам баласына осы 4
тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны, дейді. Балам адам
болсын дейтін ата-ана осы 4 тәрбиені дұрыс орындасын деп жазып, оларды
ұлттық тәрбиенің құрамдас бөліктері деп санайды. Бала тәрбиесінде ұлттық
педагогиканың, ұлттық тәрбиенің алатын орны ерекше екендігін мысалдар
келтіре отырып дәлелдейді. Ұлттық тәрбиенің құнды жақтарын пайымдап айтып
отырады. Осыған орай М.Жұмабаев Әр тәрбиешінің қолданатын жолы ұлт
тәрбиесі. Әрбір ұлттық бала тәрбие қылу туралы ежелден келе жатқан жеке-
жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері келе жатқан сыналып көп буын
қолданып келе жатқан тақ-тақ жолы болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ ұлт
тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Ұлт тәрбиесінің жақсылық жағы көп деп жазды.
Осылайша ол қазақ педагогиясының тарихында тұңғыш рет ұлт тәрбиесі ,
әрбір тәрбиеші, сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс, — деген
ғылымдарды педагогика ғылымына ендіреді. Мағжан осыған орай педагогтар,
тәрбиешілер халықтың педагогиканы қолдана отырып, түрлі заманда шыққан
тәрбие ғалымдарының ойларымен де жақсы таныс болу керек, — дейді.
Мағжан өзінің оқулығында тіл туралы ерекше тоқтап, оның тәрбиелік
және саяси міндеттерін былай көрсеткен:
Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт, дүниеде ұлт болып жасай алмақ
емес, ондай ұлт құрымақ ұлтының ұлт болуы үшін 1-ші шарт тіл болуы. Ұлттың
тілі кеми бастауы, ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат
нәрсе болмасқа тиісті.
Қазақ тілінде қазақтың сара сайран саласы, біресе желсіз түнде тұнық,
біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы,
асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі бәрі көрініп тұр. Күндерде бір күн
түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса,
сөз жоқ, түрік тілінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы.
Келешектің осылай болуына иманымыз берік, — деп жазды.
Жүсіпбек қоғам тарихына адам жанының иірімдеріне енген ұрпақтың жан
қуаттары мен ой-жүйесінің дамуында бірнеше пәннің әсресе рухани нәр
кітаптың соның ішінде оқу пәнін – тарихтың әсер ықпалы басым болады деді.
Өмір, қоғам, ғылым – бәрі тарихтан қозғайды. Әрі ғылымның тарихы бар, —
деп алуан ғылым салалары мен байланысып ода бөлекше айтады. Ал, автор
тарихты қай сыныптардан бастап оқытқан жөн? дегенді 4 сыныпты дұрыс деп
тауып, оған дейін оқып-жазуды меңгеру, қоршаған ортаны жағрафияны танып
түстеу керектігін назарға салады. Нәтижесінде әдебиетті, жағрафияны,
тарихты өзара байланыстырып Біздің отан деген ортақ атпен оқыту туралы ой
ұсынысты алға тартады. Біздіңше пәндерді интеграциялау, мақсат-мұраттарына
сай топтастыру міндеті – бүгінгі уақыттың талаптарымен үндес келеді.
Кейінгі кезде ашылып, түрлі мақсатта жұмыс істей бастаған гимназия, лицей,
коллеждердің тәрбиесі мен бағыт-бағдарларынан жоғарыдағыдай ортақ мұрат
жолындағы биік талап, ұлттық келешегіне деген айқын көзқарастар көрінеді.
Демек, оқу мен оқыту жүйесінен, пәннің мақсатына ұлттық мүддесі, ұрпақ қамы
жетік сезіледі. Бұл келешекке сенімді, өсер ұрпаққа адалдықты танытады,
адам тәрбиесі – ұлы іс, биік мұрат екендігі көңіл қуантып, жүреке жылылық
ұялатады.
Еңбекте ұлттық өнердің орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі мәдениет –
рухани құндылықтар жан-жақты баяндалады. Әсіресе ұлт, мектептерінде кескін
және әуез өнерін дамытуда кең жол ашу, ән-күй, сурет салуға зор маңыз беру,
түрлі деректі салыстырулар арқылы өріс алады. Автордың мақсаты жас ұрпақ –
айнала әлемді, табиғат тамашаларын құрғақ қызықтап, үстірт қабылдамай,
керісінше өмірге сүйіспеншілік, өмірге құштарлықпен қараса, әрбір іс-
әрекетіне, әсемдікке, білімге, мамандыққа өз көзқарасы, дүниетанымы
қалыптасады.
Әрі адамгершілік – эстетикалық тәлім-тәрбие арқылы жас ұрпаққа,
бойында ұлттық ерекшеліктерімізді сіңіру әсемдік әлемін жан-жақты сезіну,
ең негізгісі – мектепке өзгеріс, ұстазға — жаңалық, шеберлік тұрғысынан
рухани көмек, тірек болу көзделеді.
Жүсіпбек тәрбие жөніндегі халықтық мұраға, оның озық жағына сүйенеді.
Қазақтың ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі, сүтпен біткен мінез,
сүйекпен кетеді деген мақалдарын еске ала отырып, бала өміріндегі ата-ана
тәрбиесінің, өнегенің орнын зор бағалайды. Тәрбие берудегі оқу орындарының
маңызын атап көрсетеді. Адам өміріндегі тәрбиешінің рөлін дәрігермен ғана
салыстырады. Оның өзінде дәрігерден жоғары қояды.
Адамдық көзбен тереңнен тексере, дәрігерден де тәрбиешінің көп
болғаны артық. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның
ақылын, мінезін, жанын сауықтырады. Ақылды адам көбейсе, Отанның күзетшісі,
қорғаны, — дейді.
Аймауытовтың ана тілін – тәрбие құралы ұлттың ұлы байлығы, тарих –
халық шежіресі, ол ұлттық сипатта болуы, оны ұлттық мектептерде жүзеге
асыруы туралы ой-пікірлері, оның ұлттық сипатта болуы, оны ұлттық
мектептерде жүзеге асыру, оқу құралдары мен мақалаларының елімізде қазіргі
кезде ұлттық мектеп жасауда және ұлттық тәрбиені жүзеге асыруда, оған
болашақ даярлауда толық болады.
М.Дулатов ұлттық идеяны кең насихаттап, оны мектептің оқу-тәрбие
үрдісіне ендіру мақсатында ана тілін, асық тәрбиелік және білімділік мәнін
ашуда, оқыту мен тәрбиенің ұлттық сипатта болуын, ұлттық мазмұнды оқу
құралдарын шығарып, еңбектерін, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде алатын
орны мен мазмұны ерекше. Халел Досмұхамедұлының ұлттық тәрбие беру туралы
ой-пікірлері, оның түрлі атқаратын қоғамдық қызметтерінде: Сана, Шолпан
журналдарының шыққан мақалаларында сондай-ақ Қазақ халық әдебиеті атты
еңбектерінде, жаратылыстану пәндерінде қазақ мектептері оқушылары мен
мұғалімдеріне арнап жазған төл оқу құралдарында кең көрініс береді.
Қорыта айтарымыз, қазақтың ағартушы – педагогтарының еңбектері
ұлттық сана-сезімді, ұлттық намысты, тарихы сананы салыстыруда алатын орны
мен маңызы ерекше. Сондықтан сол қазақ тәлімгерінің ұлттық рухында
тәрбиелеу негізінде алынды, ол үшін олардың сол идеялары туралы
көзқарастары жан-жақты зерттеліп, оқу-тәрбие жұмысында кең қолданыс табуы
тиіс. Сонда ғана ұлттық тәрбие – ұлт болшағымыздың негізі бола алады.
2 ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ
ЖОЛДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ.
2.1.Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы
Ұлттық ойындарды пайдалану арқылы оқушыларды тәрбиелеу процесін
жетілдіру және оның ғылыми –педагогикалық негіздері туралы айту үшін, ұлт
ойындарына қатысты мәселені анықтап алуды жөн деп білеміз. Ұлттық ойындар –
халық педагогикасының ажырамас бір саласы. Сондықтан ол халық педагогикасын
толықтырып, мазмұны жағынан бірін –бірі байытып отыратын қос өзеннің бір
жерге келіп, тоғысқан екі арнасы іспеттес. Ұлт ойындары халық
педагогикасының аса белсенді, үнемі өзгеріп, жетіліп отыратын өмірге
үздіксіз келіп жататын ұрпақ арқылы жалғасып отыратын, құрамдас бөлігі
болып табылады. Сондықтан да оның атқарар қызметі де кең өрісті ауқымды. Ол
салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл елі мен жерінің қамын ойлайтын
ұлтқа тән нәрсенің бәрін қадір тұтатындарға тұлға –жаңа адамды тәрбиелеп
шығарудың құралы. Ұлт ойындары ұжымдық ой-қиялдан бас құрап жеке адамдардың
игілігіне асатын, ұлт өкілдерін түгел қамтитын тұтас ұлтқа тән атадан
балаға мұра болып, кем жатқан рухани, мәдени қазына. Олай дейтініміз, ұлт
ойындары сол ұлттың өсіп жетілу барысындағы ұзақ жолда пайда болып, оның
сан мыңдаған ұрпағының рухани азығына айналған, қиялын қозғап, ұлттық
болмысы мен өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға игі әсерін тигізген дәстүрлі
құбылыс.
Осы тұрғыдан қарғанда, ұлт ойындары сол ұлттың ғасырлар бойы жасаған
мұраларының заңды бір саласы, халқының игілігіне қызмет ететін оның жас
ұрпағын жетілдіріп шыңдайтын әлеуметтік педагогикалық мүмкіншілігі зор
тәрбие құралы. Ұлт ойындары халық педагогикасының құрамды бір бөлігі бола
тұрып, өзін дүниеге әкелушілердің есеюіне, ақыл-ойының толысып
қалыптасуына, олардың өмірге құштарлығының артуына, адамгершілік
қасиеттерінің қалыптасып жетіле түсуіне әсерін тигізеді. Ұлт ойындарының
осындай қасиетін жақсы танып білген адам баласының алдыңғы қатарлы ақыл-ой,
парасат иелері оны жоғары бағалап ұмыт болудан сақтап, қағаз бетіне түсіріп
отырады. Қазақ халқының рухани байлығын оның ішінде ұлт ойындарын алғаш рет
қағаз бетіне түсіріп, әлем жұртшылығына паш еткен бізге белгілі Италия
саяхатшысы Плано Каранини ХІІІ ғасырда Жетісу Тарбағатай өлкелерінде болған
кезде осы өлкедегі халықтың тұрмысы, әдет ғұрыптары, ойын сауықтары туралы
көптеген этнографиялық материалдар жинап жазып қалдырған. Солай бола тұрса
да типті ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін халқымыз жасаған басқада
рухани байлығы секілді ұлт ойындары да өзінің баға жетпес қызметін,
орындап, ел есінде сақталып келді. Содан бері жаңа ұрпақпен жаңарып дамып,
толысып бізге дейін жетті. Кейінгі жаңа толқын, жастар және әр ұлт
зиялылары халықтық ойындар бойынан ерекше бір қасиет тауып өркен жайып келе
жатқан елдің керегіне жарату, әлем жұртшылығына таныту мақсатында сол кезде
шығып тұратын күнбе-күнгі басылым беттерінде үзбей жариялап өз пікірлерін
білдіріп тұрады. Солардың арасынан Е.А.Покровскийдің., А.М.Ивановскийдің
т.б. еңбектерін атап өтуге тиіспіз. Халық жасаған рухани мұралар сан алуан.
Солардың ішінде тіл дамыту, ой-өрісін кеңейту, ойлау мүмкіншілігін байыту
тілегінен туындайтын жаңылтпаш, балалар ертегілері,ойыны, ойын сауық
жоралғыларын туғызады. Осылардың бәрі сайып келгенде, тәрбие мүмкіншілігін
арттырып, оның ауқымын кеңейте түседі. Осыдан болар, кезінде М.О.Әуезовтың
қазақтың ұлттық ойындары туралы айтқан мына сөздері ойға орала береді.
Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан
ойын өнері бар. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін
қуантып көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше бір
мағналары болған. М. Әуезовтың бұл пікірмен толық келісе отырып, қазақ
өмірінің өткеніне көз жіберсек, әрбір күзгі, қысқы шаруашылықтың табысты
аяқталуынан сәтті аяқталған аңшылықтан соң немесе ел шетін басып кірген
жаудан кек алып, жеңіске жеткенде ас бергенде, халық мерекелері, ойын –
сауықтар өткізілген. Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар,сайыс, күрес, теңге
алу, тағы басқалар. Спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие
болды. Бұл ойындардың бәрі де атпен ойналатын болғандықтан, оларға күн
ілгері орасан зор әзірлік мұқият даярлық керек болды. Сол даярлықтың басы –
қасында болған жас баладан бастап, бозбалалар мен жігіт ағалар, ат бегілер
мен ауыл ақсақалдарының алқасында талқыланып, солардың ұйғаруы бойынша
қатынасуға мүмкіншілік алатын болған. Бұл бір жағынан, үлкендерге деген
ілтипат пен сенімді басқаның пікірі мен санаса білуді үйретеді, үшіншіден,
жеңіске деген құлшынысты туғызып баланың ақыл ойын қиялын ұштайды,
көпшіліктің үмітін ақтауға деген жауапкершілігін шыңдай түседі. Осы жағынын
келгенде ұлт ойындағы халық педагогикасының ажырамас бір бөлігі ретіндегі
өзінің маңызды қызметін осы күнге дейін жүйелі атқаруда. Егеменді елге
айналған жалпы халықтың және әлемдік маңызы бар Абай мен М. Әуезовке
арналған тойларда қазақтың ескі дәстүрі қайта жаңғыртып жастарға деген
сенімділік пен талапты арттыра түсті.
Қазақтың ұлттық ойындарының халық педагогикасына ұласып қабысып келетін
бір тұста ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі кездеседі. Әсіресе ақындар
айтысында ойын туралы пікірлер, оның адам өмірінің алатын орыны туралы
пікірлер, оның адам өмірінен алатын мүмкіндіктері көп болса, ақындар
айтысының үлгілері мен балалар айтысы халық арасында көп болған.
Мысалы: “Айтыс ойыны,” “Қыз бала мен ұл баланың айтысы,” “Сан айтысы,”
секілді сан алуан ойын өлеңдері де кездеседі.
Қазақ халқында өз ойынан бір ауыз өлең құрап айтпайтын адамды табу
қиын. Олай дейтініміз, бүгінгі қазақ мектептеріндегі бастау алған бұл өнер
баланың шығармашылық талабын шыңдап, өнерге деген құштарлығы мен
бейімділігін ерте оятып, талантын елге танытады. Егемендігін алғаннан кейін
мектептегі тәрбиенің бет бұрысы елімізде жиі өте бастаған ақындар айтысында
кейінгі жылдарда мектеп бітірген жас талап ақындардың жүлделі орындарды
жеңіп алуынан айқын көрінеді. Алайда біз халықтың діні туралы сөз еткенде
мұны көп ретте еске ала бермейміз. Бұл халқымызды өзге жұрттардан ерекше
көрсететін дәлелді мәселе екенін білдіреді. Олай болса тарих қойнауынан
бастау алып, бізге жеткен ұлт ойындары ұрпақ тәрбиесінде әлі де өзіндік
орыны бар тәрбие құралы екенін айқындай түседі.
Айтыс өнер. Ал өнердің бәрі де ең алдымен сол ойынға да, оның ішінде
ұлт ойындарына қатысты сыртқы дүниені қабылдап түсінуінің нәтижесінде ішкі
логикасын жете меңгерудің мүмкін екенін түсіну қиын емес. Қазақтың ұлттық
ойындары араласпайтын бірде-бір өмір саласы жоқ. Ойын жас адамның денесін
шындап, күш-қуатын молайтып қана қоймай оны шапшандыққа, дәлдікке, ақыл-
ойының толысып жетілуіне әсер етіп, пайдасын тигізеді. Өмірдің қай саласы
болмасын ойын-сауықсыз болмаған. Алайда бұлардың бәрі негізделетін. Бұл
мерекелер күні-ілгері жарияланып отырылады. Сондықтан мерекеге
қатынасушылар ұлттық ойынның әр түрлеріне күні ілгері даярланып, әзірлікпен
келеді. Қыз ұзату, келін түсірумен байланысты. Қалыңдық ойнау салты
пайда болды. Қыз ұзату тойында жар-жар, ал келін түсіру тойында Беташар
айтылады. Бұл нағыз творчестволық негізі бар салттық ойынның жоғары түрі
және қазақтың домостройы болатын — деп тұжырымдайды қазақ тарихын жазушы
авторлар. Ұлттық ойындарының халық педагогикасының негізгі бір саласы
екенін дәлелдейтін тағы бір негіз – ол ұлт ойындары қатынаспайтын бірде-бір
тұрмыстық шарушылық сала жоқ. Бұны біз Ғ.Мүсіреповтың Ұлпан повесінен
оқып білеміз. Бұл елдің ескі бір салты бойынша көші- қон кезінде жастар
әуелі үлкендердің үйін тігіп береді. Одан соң жесір – жетім қалған үйлерді
тігеді. Ең соңында Отау үйлерді қалдырып, аяғын ойын-сауыққа айналдырып
әкетеді — деп жазады.
Ғ.Мүсірепов қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен келтірілген мысалдарды
салыстырмалы түрде басқа халықтардың тарихынан да, эпостарынан да
келтіреді. Біз бұл жерде тап-тауырын болған батысқа жүгіне бермей, Азия
құрылығының тағдыры өзімізге көп ұқсас халқы үнділер туралы айта отырып,
ұлт ойындарының халық тәлім-тәрбиесінің арқауы екені оның араласпайтын жері
қолданылмайтын жері жоқ, тіпті жастардың тағдырын да шешіп беретін қазылық
рөлін көрсететінінен бірер мысал келтіруді жөн таптық. Үнді халқының бұдан
шамасы 4 мың жылдай бұрын өмірге келген көне эпосы Рамаянада жырланатын
үйлену салты былайша орындалатын болған: боз балаларды жиып, олардың
арасында ерлікке, шапшаңдық пен әскери өнерге жарыс өткізген. Жеңімпаз
аталған қалыңдық өз қолымен гүлден өрілген алқа кигізіп, ерлі-зайып
аталған. Үнді халқының тағы бір эпосы: Махабхарата да қалыңдықтың өзіне
лайық жар таңдау рәсімдерін жарыс түрінде ойын-сауық ретінде жарысқа
қатынасушылардың бәріне ортақ жағдай жасайтын шарт бойынша өткізген. Бұл
елдің бәріне ортақ болғандықтан жастар күн ілгері өзін-өзі мұқият
әзірлеген. Жас адамның әлі де шарты белгісіз сынаққа әзірленуі, оның
жақсылық, келешек болашағы үшін әзірленуімен тең болған. Олай болса ұлт
ойындарының қай халық болмасын, алдына қоятын негізгі мақсаты өз уақытының
талабына сай жақсы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.
… жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz