Адам популяциясының өсуі | Скачать Реферат
Тақырыбы: Адам популяциясының өсуі
Жоспары
Кіріспе
Адам популяциясының өсуінің маңызы
Популяциялардың генетикалық құрамының өзгеруіне алып келетін факторлар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттері
Кіріспе
Адам популяциясының өсуі — әрбір жеке ағзаға тән қасиеттердің бірі. Өсу мен даму кезінде ұлпалар мен мүшелерде сандық және сапалық күрделі өзгерістер байқалады. Адам ағзасының өсуі мен дамуында негізінен 2 кезеңді ажыратады. Бірінші ұрықтық даму (эмбриональдық). Бұл ағзаның ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан бастап, туғанға дейінгі уақытты қамтиды. Ұрықтық даму анасының ішінде, яғни жатырда өтеді. Екіншісі — туғаннан бастап, өз тіршілігін жойғанға (өлгенге) дейінгі кезең. Әрбір ағзаның жеке дамуын ғылыми тілде онтогенез (гр. ontos — жекелей, genes — шығу тегі) дейді. Адамның туғаннан кейінгі жеке дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады.
Нәрестелік кезең. Нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге дейінгі уақыт аралығы осылай аталады. Бұл кезде жаңа туған нәрестенің барлық мүшелері және мүшелер жүйесі өз алдына (анасының ағзасына байланыссыз) қызмет атқарып, өзара іс-әрекет жасайды. Мысалы, жылуды реттей алады. Тынысалу, ему, көзін жыпылықтату және басқа рефлекстерді өздігінен іске қосады. Сондықтан бұл уақыт аралығы нәрестелік кезең деп жеке карастырылады.
Емшектік кезең. Мұнда нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін емеді. Уыз сүтінде нәрестенің ағзасына қажетті тағамдық заттар өте мол. Сондықтан да уызына жарыған ұлылыққа ұмтылар, азамат боп өседі, ізгілікке құнты бар деген халық нақылында терең тұжырым бар. Ана сүтін ешбір тағаммен теңестіруге болмайды. Ана сүті жетіспеген жағдайда ғана, 6-7 айдан бастап, қосымша тамақтандыруға болады. Бұл кезеңде сәбидің көп уакыты ұйқымен өтеді. Тамақ қажет болғанда, оянады. Емшектік кезеңде тамақ беру уақытын және тазалықты мұқият сақтау қажет. Олай болмаған жағдайда ұйқысы бұзылады, мазасыз болады, асқорытуы ауытқиды. Емшектік кезеңде нәресте қарқынды өседі. Қозғалыс әрекеттері дамиды: мойыны бекиді, отырады, еңбектейді, жүруге талпынады. Бұл кезеңде сүт тістері шыға бастайды, жеке сөздерге тілі келеді. Омыртқа бағанында иілімдер пайда болады. Қол-аяқ бұлшыкеттері де дами бастайды. Нәресте денесін шынықтыруға жүйелі түрде шомылдырудың және таза ауада серуендеудің маңызы зор. Нәресте денесін де, мінез-құлығын да дамытуда қайталау және жүйелілік ережелерін есте сақтау қажет. Мұның бәрі де тамақтануға, ұйкыға және т. б. байланысты шартты рефлекстердің дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді.
Мектепке дейінгі сәбилік кезең. Бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүреді, сөйлейді. Айналасындағы заттарға әуестігі артады, әр нәрсені білгісі келеді. Ойлау кабілеті дамиды. Жаңадан шартты рефлекстер калыптасады. Сүт тістері (20) толық шығып үлгіреді.
Мектепке дейінгі естияр кезең. Бұл кезенді кейде мектеп жасына дейінгі кезең деп те атайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға кызығушылығы артады. Бұл не? деген сұрактарға жауап іздейді. Ми көлемі артып, дами түседі. Анық сөйлейді. Бұл кезеңде бала үшін әр түрлі ойынның маңызы зор. Ойын арқылы денесі өседі, көңіл күйі қалыптасады. Әсіресе, кимыл-өрекеті қажет ететін ойындар арқылы каңқасы мен бұлшыкеттері дұрыс жетіле түседі.
Мектеп жасындағы ересек кезең. Баланың іс-әрекетінде сапалық өзгерістер байқалады. Бұл негізінен баланың мектепке баруымен тікелей байланысты. Енді бала мектеп тәртібіне бағынуға байланысты іс-әрекеттерге талпынады. Жаңа дағдылар қалыптасады, жауапкершілікті, тәртіпті сезінеді. Ойлау қабілеті дами бастайды. Бойларының ұзындығы шамамен — 140-150 см, салмағы 30 килодан артады.
Жасөспірімдік кезең. Баланың өсуі мен дамуында жаңа өзгерістер пайда болады. Ұлдар мен қыздардың дене бітімінде бірінен-бірінің айырмашылықтары айқын байкалады. Мұның бәрі де жыныстық жетілуімен тікелей байланысты. Қыздарда алғашқы етеккір 12-13 жаста басталады. Денесі өседі, бұлшықеттері дамиды, тері астындағы май қабаты қалыңдай түседі. Кеудемен тынысалу түрі айқын білінеді және т. б. Ұлдардың дауысы жуандайды, көмекейі айқын байкалады. Жыныс мүшелері өседі, сақал-мұрт шыға бастайды және т. б. Зат алмасу қарқындығы артып, қозғалыс әрекеттердің үйлесімділігі жетіледі. Барлық физиологиялық үдерістер жедел жүреді.
Балғын жастық (бойжеткен, бозбала) кезең. Барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінің калыптасуы толығымен жетіледі. Жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің қызметі бірімен-бірі үйлесімді жүреді. Ағзадағы барлық физиологиялық үдерістердің жүруінде, міңез-құлық әрекеттерін басқаруда ми кыртысының реттеу қызметі артады. Тежелу үдерісінің басымдылығы байкалады. Эстетикалық көңіл күйі, акыл-ой, жауапкершілігі және т. б. қасиеттер толық калыптасады. Адамның дене еңбегі мен ой еңбегінің жұмыс істеу кабілеті де арта түседі. Жеке мүшелерінің өсуі тоқтайды. Жыныстық тұрғыдан да толық жетіледі.
Кемелденген кезең. Акыл-ой, санасы, ойлау кабілеті жетіліп, шығармашылық іс-әрекеттері табыстарға жетелейді. Қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Барлық іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлап, белгілі бір мақсатқа жетуге талпынады. Бұл кезеңнің соңында жыныстық бездер қызметі әрекетіне байланысты соңғы рет гормондық қайта құрылу басталады. Жүрек-қантамырлар ауруларының қауіптілігі арта түседі.
Мосқалдық кезең (пожилой). Бұл кезеңде адамның қимыл-әрекеті баяулайды. Зат алмасу қарқыны бәсеңдейді. Жүйке жүйесінде тежелу айқын басымдылық көрсетеді. Кейбір ішкі секреция бездерінің гормон бөлуі азаяды. Сүйектің құрамында бейағзалық заттардың мөлшері арта бастайды. Жүйке жүйесінің реттеу қызметі де баяулайды.
Қарттық кезең. Барлық мүшелер жүйесінің қызметі, жалпы зат алмасу қарқыны баяулайды. Адамның есте сақтау кабілеті төмендейді.
Ақыр соӊында адам өз өмірімен қош айтысып, о дүниге аттанады.
Адам популяциясының өсуінің маңызы
Популяцияның тұқым қуалаушылығын зерттеу олардың генотиптік құрамын, яғни әртүрлі генотиптерінің және аллельдерінің жиілігін анықтаудан басталады.
Популяцияның генотиптер не аллельдер жиілігі деп процент мөлшерімен белгіленетін осы генотипке ие аллельдер не даралар жиынтығын айтамыз. Популяция дараларының жалпы саны 100 пайыз деп есептелінеді.
Жыныстық жолмен көбейетін ағзаларды өздігінен ұрықтанатынжәне айқасұрықтанатын деп екі топқа бөлуге болады.Осы топ ағзалардың популяцияларында тұқымқуалаузаңдылықтарытүрліше болады.
Өздігіненұрықтанатын, тұқымның түсі сары — гетерозиготалы () болып келетін, бұршақтың (А доминантты сары түсті; а-рецессивті жасыл түсті); екінші ұрпағының Ғ2тұқымыныңтүсібылайша ажырайды.І:2:1,яғни25 пайыз -АА ; 50пайыз — АА; 25 пайыз — аа (Мендельдің 2,-заңы). Сонымен Ғ2-де — 50% гомозиготалы даралар (25 пайыз АА +25 пайыз аа) және 50 пайыз гетерозиготалы даралар болады.
Келесі жылы, яғни ҒЗ-те, егер көбею коэффиценті 4-ке тең десек, гомозиготалы нысаңдардан ІАА-дан 4, Іаа-дан 4; ал гетерозиготалы даралардан — 2Аа+4Аа+2аа генотиптер пайда болады. Осы генотиптерді өзара қоссақ, 2АА+4АА=6АА, 4Аа, 2аа+4аа=6аа, 6+4+6 пайда болады, оларды екіге қысқартсақ ЗАА+2Аа+Заа генотиптердің пайда болатынын байқаймыз. Пайыздық жағына келетін болсақ ҒЗ-те гомозиготалар (АА;аа) — 75 пайыз, гетерозиготалылар — 25 пайызға тең болады. ҒЗ ұрпақта гомозиготалар саны өсіп (50 пайыздан 75 пайызға дейін), ал гетерозиготалар керісінше кемиді (50пайыздан 25 пайызға дейін). Ал Ғ10 ұрпақта гомозиготалар 98.8 пайызға дейін өседі, гетерозиготалар 0,2 пайызға дейін кемиді. Осылайша өздігінен ұрықтанатын ағзалар популяциясында ұрпақтан ұрпаққа гетерозиготалылар саны азайып, ақырында популяция екі линияға АА — аа, бөлінеді де, эволюция тоқтайды.
Г.Харди-В.Вайнберг заңы
1908 ж. ағылшын математигі Г.Харди және неміс дәрігері В.Вайнберг панмикстік популяциялардағы генетикалық үдерістерді сипаттаған. Оны Харди-Вайнберг заңы деп атайды.
Харди-Вайнберг заңы төмеңдегі шарттар орындалған жағдайларда байқалады:
даралардың бір-бірімен еркін будандасуы қажет (панмиксия);
популяцияда сұрыптау болмауы, яғни сұрыптаудың салдарынан гендер жойылыпкетпеуіқажет;
миграция салдарынан жаңа гендер келіп еңбеуі қажет;
гомозиготалы және гетерозиготалы даралар бірдей мөлшерде көбеюі қажет;
популяция көлемі шексіз ірі, яғни даралар саны өте көп, болуы қажет.
Харди-Вайнберг заңының 3 қағидасы белгілі:
Нақтылы популяциядағы бір геннің жиілігінің жиынтығы тұрақты болады. Егер популяциядағы доминантты аллельдің (А) жиілігінің жиынтығын р деп, ал … жалғасы