Күні бойы сергек жүру үшін мына 9 істі әдетке айналдырыңыз

0

1. Ерте ұйықтаңыз

Ұйқыңыз қанбаса, еңбек өнімділігіңіз төмендей бастайды. Бірақ кейбір адамдар алты не одан аз уақыт ұйықтап та, жұмысты жақсы істейтінін айтады. Бұл зерттеумен дәлелденбеген. Ой тазалығын ұзақ сақтау үшін міндетті түрде жеті-сегіз сағат ұйықтау керек.

Кейбір адамдар ұйқысы қанбағандықтан күні бойы шаршаңқы жүреді. Бұл сізге әсер етпейтіндей көрінуі мүмкін. Бірақ эксперименттердің нәтижесінде ұйқының қанбауы ақыл-ойдың дамуына кері әсерін тигізетіні анықталды. Бұл 4-6 сағат ұйықтайтындарға қатысты.

Тапсырма: Күнде, тіпті демалыстарда да бір ай бойы 22.00-де ұйқыға жатып көріңіз.

2. Күнде спортпен айналысыңыз

Жаттығу – ұзақмерзімді энергиялық инвестиция. Физикалық белсенділіксіз жалпы денсаулық деңгейі нашарлайды. Бұл ойлау мен концентрацияңызға қиындық туғызады.

Әрине, уақыттың тығыздығына байланысты әрдайым спорт залына баруға мүмкіндік бола бермес. Сондықтан кеңседе отырсаңыз да, күніне бірнеше рет жаттығу жасап, денені шынықтырып алған жөн. Ол қанайналымды жақсартады, әрі көп уақытты қажет етпейді. Ал егер мүмкіндігіңіз болса, әрине, фитнеске не спортзалға барғаныңыз жақсы.

Тапсырма: Күніне кем дегенде 10 рет қысқа жаттығулар жасаңыз.

3. Күндіз мызғып алыңыз

Бұл жалқаулық емес, ол – есте сақтау қабілеті мен ағзаның жақсаруына көмектесетін пайдалы әдет. Әсіресе, көп ақпаратты есте сақтағыңыз келсе, күндіз мызғып алғаныңыз абзал. Сонымен қатар сиеста түстен кейінгі шаршаңқылықты басып, қуаттандырады. Жұмыс орныңызда мызғып алатын орын болмаса да, үзілістің жартысын пайдаланып, ұйықтайтын жер тауып алыңыз.

Ең бастысы, көп ұйықтамау керек. Оятқыш шырылдаған соң бірден тұрып, қайтадан ұйықтап кетпеу керек. Егер күндізгі ұйқыны тым созып жіберсеңіз, әлсіз боп оянасыз. Бірақ мұндай ұйқы да пайдалы. Біраз уақыт өтіп, ұйқы ашылғаннан кейін күш-қуаттың артқанын сезінесіз.

Тапсырма: Түстен кейін 20 минутыңызды бөліп, күшіңізді қалыпқа келтіру үшін мызғып көріңіз.

4. Ауыр жұмысты таңертең жасаңыз

Жұмыс күнінің алғашқы төрт сағаты – маңызды жұмысты тындыру үшін таптырмас уақыт. Сондықтан ауыр шаруаларға барынша тезірек кірісіңіз. Бұдан көбіне психологиялық пайда көресіз. Себебі энергия мөлшері көңіл-күйге де байланысыты. Біз ауыр жұмысты бітірген кезде өнімділік артып, өзімізді жақсы сезіне бастаймыз. Таңғы уақытты электрондық пошта, отырыстар мен телефонға жұмсасақ, керісінше, әлсіреп, күш-қуатымыз кешке қарай таусылып қалады.

Сонымен қатар күні бойы бір нәрсеге қадалған күйі жұмыс істеу мүмкін емес. Бұл маңызды жұмысты бірден атқарып тастауға көметеседі.

Тапсырма: Күніңіздің алғашқы төрт сағатында бір маңызды істі толығымен бітіруге ден қойыңыз.

5. Келесі күнге жоспарды кешке дайындап қойыңыз

Энергия деңгейі күнінің қалай басталғанына байланысты. Егер жұмысты бірден қолға алсаңыз, өнімділік артып, шаруаны кері ысырудан аулақ боласыз. Жұмысты жай бастасаңыз, күш-қуатыңыз азайып, істің нәтижесі нашарлайды.

Сондықтан күніңіздің қалай өтетінін жоспарлап алған жөн. Әсіресе, таңғы мезгілді. Ол үшін жоспарды бір күн бұрын кешкісін құру керек. Таңертең бірден жұмысқа кірісіп кету үшін ниетіңізді визуализациялап, жазып алыңыз.

Тапсырма: Ұйықтамас бұрын ертеңгі күнге жоспар жасап алыңыз.

6. Мақсаттарыңызды өз-өзіңізге сатыңыз

Бәрі буып-түюден басталады. Мақсат пен жобаларды тиянақтауыңыз мотивацияға байланысты. “Істеуім керек шаруа” және “ойландыратын қызық тапсырма” дегенді салыстырып көріңізші. Айырмашылықты сезіп тұрсыз ба?

Келесі қадам – шабыттандыратын нәрселерді еске түсіріңіз. Не үшін бұл іске кірісіп, қандай жетістікке қол жеткізуді ойладыңыз? Тұтынушы тауарды сатып алу үшін өз қалауын елестетіп алуы керек. Осы кезде маркетологтың көмегі керек. Сол сияқты сіз де энергия пайда болуы үшін қол жеткізгіңіз келетін нәрсеңізді көз алдыңызға әкелуіңіз керек.

Тапсырма: Күніне 10 минутыңызды бөліп, бүгінгі әрекеттеріңіздің дамуға қалай көмектесетінін ойлап көріңіз.

7. Сізден энергия алатын адамдармен қарым-қатынасты шектеңіз

Ата-анаңызды таңдай алмайсыз. Әріптестеріңізді де таңдай алмассыз. Бірақ достарыңызды таңдауға мүмкіндік бар. Кейбір достарыңызбен уақыт өткізгеннен кейін өмірге деген құлшыныс пен сергектікті сезінесіз, ал кейбірімен сөйлескеннен кейін, керісінше, әлсіреп қалғандай боласыз.

Әрине, өмірінде уақытша қиындықтар пайда болған достарыңыздан алыстамаңыз. Бірақ досыңыз әрдайым сізге негатив пен жаман әсер қалдырса, онымен әрі қарай достықты жалғастыру керек пе деп ойлап көргеніңіз жөн.

Тапсырма: Достарыңызбен кездесуден кейін өзіңізді құлазығандай сезінсеңіз, олармен сөйлесуде шектеліңіз.

8. Жақсы кітаптар оқыңыз

Жақсы кітап тиімді факт айтып қоймай, бірте-бірте ойыңызды өзгертеді. Жақсы ән көңіл-күйіңізді қалай өзгертсе, жақсы кітап та дәл солай энергиямен қуаттандыруы мүмкін. Ол үшін аудиокітап – таптырмас әрі ыңғайлы құрал.

Тапсырма: Өзіңізбен бірге мақсатыңызға жетелейтін кітап алып жүріңіз.

9. Өмірдің тепе-теңдігін сақтауға тырысыңыз

Біз көп энергияны босқа жұмсаймыз. Себебі – өмірдің ішкі әрі сыртқы жақтары бір-біріне қарама-қарсы келеді. Дәрежеңіздің жоғарылауын қаламайтын жұмыстасыңыздың сізді тежеуі мүмкін, мақсаттарыңызды күлкі ететін достарыңыз немесе өзіңіздің қорқыныш-күмәніңіз де болуы ықтимал.

Уақыт бөліп, өміріңізде жиналған қарама-қайшылықтарды шешуге тырысыңыз. Кейде бұл бірдеңені өзгертуге көмектеседі. Ал кейде өміріңізді улайтын нәрселер мен жағдайлардан арылу үшін ұзақмерзімді жоспар қажет.

Тапсырма: Мақсатыңызға жету үшін не көмектесетінін, ненің кедергі болып, ол кедергілерден қалай арылу керек екенін ойлап көріңіз.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz