Ол кісіге… #1
5-қыркүйек, 2018 жыл
-Анель, сүйіншіңді бер! Ол кісі қуанып кетті. Менен номеріңді алып қалды…
-Саят, шын айтасыз ба?
-Ия, бәрі жақсы болады…
Біздің махаббат дастанымыз осылай басталды…
Қыркүйек айының алғашқы кештері. Мамыражай тірлік. Алматыны аралай соққан ыстық леп… Менің төбемді көкке жеткізген жанашыр досымның қоңырауы…
Мен ол кісіні ең алғаш көргенде 17 жаста едім. Ол да қыркүйекте болатын. Мектепті жаңа бітіріп, үлкен өмірге тәй-тәйлап қадам басқан қыздың жүрегін — университеттің сахнасынан балмұздақтарға жалынды сөздерімен мотивация беріп тұрған, өзіне сенімді, 4-ші курстың студенті бірден жылытты. Біз ол кісіні «армандары қалтасында жүретін ағай» деп атап кеттік.
Арада бір жыл өтті…Екі жыл өтті… Ол кісіні алғаш көрген күннен кейін тағдыр бізді қайта жолықтырады деген ой — үш ұйықтасам, түсіме де кірмепті.
Ақыры…тағдырымыз тоғысты.
Дереккөз: https://massaget.kz/