Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді

0

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жөніндегі ережені бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.

Мемлекеттік күзет қызметінің басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталды.

МКҚ-ның ендігі міндеттері — Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жарлық 3 тамызда күшіне енеді.

ақпарат: Nege.kz

фото: inbusiness.kz