Балаларға өлшеи ұғымын беру | Скачать Курстық жұмыс
Мазмұны
Кіріспе
1 Математикадан мектепте білім беру
мәселелері … … … … … … . … … … … ..
1.1 Бастауыш сынып оқушыларды тәрбиелеу бағдарламасы
және оның қалыптасуы
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
…
1.2 Бастауыш білім беру сабақтастығының
мәселелері
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … ..
2 Бастауыш сынып оқушыларының математикалық түсінігін қалыптастыру
мазмұнының қалыптасуы
2.1 Бастауыш сыныпты оқыту маңызы бойынша оқу
жүктемесі … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … . … . 2.2 Бастауыш сынып
оқушыларына қолданылатын дидактикалық ойындар
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … .
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … ..
Пайдаланылған
әдебиеттер … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … ..
Кіріспе
Ежелгі заманның өзінде адамзат өміріндегі математиканың алатын орнын
керемет сезіне білген. Математиктердің бір атасы Пифагор Жаратылыс –
сандардан тұрады — деп атай салған.
Бастауыш сынып оқушыларына математикалық түсінік негіздерін таныстыру,
қалыптастыру және дамытудың өзектіліг күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе,
қазіргі нарықтық экономика заманында, жоғары технологиялар және жаппай
ақпараттандыру дәуірінде сандарды толық пайдалану, санау қажеттілігі күг
сайын артып келеді.
Президентіміз Н.Назарбаевтың өзі жоғары міндерден сөйлеген әрбір сөзінде
жеткіншек ұрпақтың білім саласында, әлемдік деңгейлерді бағындырулары керек
екендігін үнемі ең жауапты міндет ретінде алға қойып келеді. Сондықтан, бұл
тақырыптың келешек ұстаздар үшін өзектілігі қалтқысыз.
Зерттеу мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математикалық түсінігін
қалыптастыру мазмұнының қалыптасуын теориялық тұрғыда негіздеу
Зерттеу объектісі – қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
процесі.
Зерттеу пәні – қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
мазмұнының жүйесі арқылы балалардың ой-өрісін дамыту жолдары мен әдістері.
Зерттеу әдістері – педагогикалық және психологиялық, әдістемелік
әдебиеттерден тақырыпқа сай материалдар жинау, сұрыптау, тәжірибелі озат
тәрбиешілердің сабақтарына қатысу, әңгімелесу, бақылау, ізденушілік және
зерттеушілік жұмыстар.
Зерттеу міндеттері :
1. Тақырып бойынша әдебиеттерге шолу жасап, ғылыми тұрғыдан талдау жасау;
2. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру мазмұны арқылы
балалардың ой-өрісін дамыту мүмкіндіктерін анықтау;
1БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу бағдарламасы және қалыптасуы
Қазақстан Республикасының Білім беру туралызаңында жеке тұлғаның,
ғылыммен практиканың ұлттық және жалпы азаматтық құрдылықтардың жетістігі
негізінде қалыптастырып дамыту үшін білім берудің негізгі міндеттері
құралған.
Қазақстан Республикасының мектептерде жалпы білім беру тұжырымдамасы
еліміздегі мектептердің бастауыш сыныптарына өзгеріс әкелді. Бастауыш
сыныптарға берілетін төрт жылдық білім мақсатын, мазмұнын, әдіс-тәсілдерін
қарастыра отырып, орта мектеп оның жалғасы екенін айқындады. Бастауышта
бала тәрбиесін, бағдарлама мәселесін сөз еткенде осы салада арнайы еңбек
жазып білім тәрбиені насихаттаған педагогтерді айту орынды. Солардың бірі
Мектептен бұрынғы тәрбие және Ана-мен бала тәрбиесі сияқты еңбектер
жазып, орыс ғалымдарының еңбектерін қазақ тіліне аударған педагог ,
журналист Назипа Құлжанова. Аталмыш жұмыстар ата-аналар мен тәрбиешілердің
қарым-қатынасы баалар тәрбиелеу тиімді уйымдастырудың мүмкіндіктерін ашуды
мақсат етті. [1]
Қоғамдағы өзгерістерге орай мектепке дейінгі тәрбие жүйесі де ұдайы
өзгеріп отырды. Оған ТМД көлемінде психологиялық салада жүргізілген
зерттеулер нәтижелері қорытылып, бала тәрбиесіне өз үлесін тигізіп, оқу
әдістемелік құралдар мен бағдарламалар баслып шыға бастады.
Тұңғыш бағдарлама Кеңес Одағында 1962 жылы басылып шықты. Бұл құжат
балаларды кішкентай кезінен бастап, мектепке барғанға дейінгі тәрбиелеу
түрлері мен оларды іске асыру мәселелерін кешенді түрде шешті.
Бағдарламадағы материялдар балалар әрекетінің түрлерінің, жас
ерекшеліктеріне қарай 7 топқа жіктеліп, мектепке дейінгі бала өз өмірін
ұйымдастыру формасына көңіл бөлді. Бағдарлама мазмұны баланың іс-әрекетін
есепке ала отырып, жүйелілік, бірізділік принциптерін сақтап, тәрбиелеу мен
білім берудің қиындығы мен күрделілігін сөз етті.Мұнда білім көлемі дәл
белгіленіп, әдет-дағдыарының білім жүйесін тұрақтандыру ескерілді[2].
Осы мақсатпен елімізде Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-
зерттеу институты ашылды. Онда мектепке дейінгі тәрбие секторы
ұйымдастырылып, ол еңбек және адамгерщілік тәрбиесі сұрақтарымен бірге,
қазақ тіліне ауыл мен қаланың мектепке дейінгі балаларын оқыту
мәселелерімен айналысты. Ғылыми зерттеу институты бааларды адамгершілікке,
еңбеккетәрбиелеу, ана тілінде сөйлеуге үйрету, сабақ процесінде тәрбиелеу,
қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру мәселелері бойынша зерттеу
жұмыстарын жүргізді.
1980 жылдардың басында мектепке дейінгі тәрбиелеуде жаңа сапалы даму
кезеңі болып өтті. Қоғамдық тәрбиенің бір саласы мектепке дейінгі тәрбиенің
мазмұны – жүйелі түрде балаларды отбасы мен тығыз бірлік орната отырып
мектепке даярлау.Сондай-ақ бұрынғы бағдарламалардың принциптерін басшылыққа
алып, балалардың денсаулығын нығайтып, ерік-жігер қасиеттерін
қалыптастыратын орын осы балабақша, балбақшадағы педагогикалық процеске
жауапты адам тәрбиеші делінген.
Бағдарламаның басты артықшылығы баланың белсенді іс-әрекетімен оқу,
ойын, еңбек түрлері сабақтың формаларымен, балаларды қоршаған орта,өзі
тұратын айналамен таныстыру кеңейтілген мұнда бала тірі табиғатқа қастандық
жасамауы үшін, оларға жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі жайлы, адам
өміріндегі алар маңызы, пайдасы, қоректенуі туралы түсінік берілуі қажет.
1984 жылы бағдарлама қоғамның әлеуметтік дамуына, педагогикалық, ғылым
жетістіктеріне жетуге күш жұмсаумен, оқыту-тәрбиелеу мазмұнының
жүйелілігімен, оқу жүйесінің үздіксіздігін[3], біртұтастығын ескеріп
құрылғандығымен ерекшеленеді.
Мектепке дейінгі мекемедегі оқыту, тәрбелеу жұмысының экологиялық
деңгейін арттыру, тұрмыс-салт дәстүрі арқылы игерілетін білімді тереңдету
балабақшадағы баланың жеке тұлға балып қалыптасуына ықпал ететін
тәрбиешінің білімі мен іскерлігіне тікелей байланысты. Қазіргі ғаламдану
процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау, салт-дәстүрлердің мәнін жас
ұрпақтың санасына сіңіру қазақ халқының өмір жолын, дәстүрін ұғыну ғана
емес,ел болып қолыптасуымыздың, ұлттық ой санамыздың берік орнығуына
себепші болады[4].
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ
тілінің мемлекеттік тіл құқығына көтерілуі, Білім туралы, Жастар саясаты
туралы заңдардың қабылдануы келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен
қарауды көздейді.
Бүгінгі күн талабына орай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, қағидаларын,
міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі өзгертуде дидактикалық ойындарды
пайдаланудың маңызы зор.
Қоғамымыздың іргесін, білімін нығайту мақсатында ең алдымен сабақта
дидактикалық ойындардың ерекшелігі мен тәрбиелік мәні бар оның негізгі
мақсаты — баланы ойлауға, ізденуге, шығармашылық жұмыспен айналасуға, өз
бетінше ізденуге баулу болып табылады.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес мектептегі барлық буын балаларының
білімін дидактикалық ойын түрлері тұрғысынан дамыту, жетілдіру — педагогика
ғылымының міндеті болып табылады.
Осыған орай білімнің мазмұнын, білім беру жүйесіндегі орнын, оқу —
тәрбие процесінің ерекшелігін, оны дұрыс ұйымдастырудың негізгі әдістерін,
формаларын жетілдірудің жолдарын білу керек. Оқу — тәрбие процесінде
дидактикалық ойынды қолдану барысында әр баланың жеке басының ерекшелігі
есепке алынуы тиіс.
Сабақ барысында әр баланың ұғымы, сезімі, түсінігі, қабылдауы, қабілеті
әр түрлі. Ең бастысы — әр баланың жеке басын құрметтеу, оның адамдық
қасиетіне нұқсан келтірмеу.
Қазіргі ізгілендіру заманында әрбір баланың өз мүмкіндігін, қабілетін,
іскерлігін, ойлауын, дидактикалық ойын барысын да байқау қажет, сонда ғана
олардың білімге, ынтасын арттырып, еңбексүйгіштікке, білімге құштарлық
қасиеттерін нәтижелі қалыптастыруға болады.
Оқыту үрдісін, білім мазмұнын зерттеумен дидактика ғана емес, жеке оқу
пәндерін оқыту әдістемелері де айналысатындығын атап етуге болады. Олардың
зерттеу объектісі бір, бірақ өзгешелігі неде? Оқыту дидактикасы мен
әдістемесі арасында қандай байланыс пен қатынас бар?
Қазіргі уақытта дидактика — педагогиканың оқыту теориясын, оның
мақсатын, мазмұнын, қағидаттарын, әдістерін, құралдары мен түрлерін
дайындайтын бір бөлімі. Тәрбие, білім және оқу әсерінен адам дамуының
бірыңғай табиғатын мойындау негізінде, сондай-ақ тәрбие мен білім беру
үрдісінің маңызды бірлігі мен органикалық тұтастығы негізінде педагогикалық
білімде жаңаша әдістер дайындалды. Интегративті әдіс осындай әдістің біріне
жатады, ол педагогика ішіндегі біртектес бөлімдерді біріктіреді[5]. Мұндай
бөлімдерге дидактика және тәрбие теориясы жатады. Дидактиканың негізгі
ұғымдарынан бастайық.
Бастауыш сынып оқушыларының оқыту ісі білім беріп, іскерліктер мен
дағдыларды қалыптастырып қана қоймай, ақыл-ой қабілеттерін, танып-білуге
қызығушылығын (оқуға ынтасын, жаңа біткеннің барлығьш білуге құмарту)
дамыту жөні де, яғни баланың жеке басын дамытуды да ескеріп отыр.
Математикалық білімдерді оқыту методикасының негізінде жалпы
дидактикалық принциптер жатыр: дамыта (тәрбиелей) оқыту принципі; ғылымнық
және өмірмен байланыс принципі; оқытудың ашық болу принципі білімнің
жүйелі, бірізді және берік игеру принципі жеке ықпал принципі балалардың
білімді саналы түрде және белсенді түрде игеру принципі.
Тәрбиелей оқыту тұтасынан баланың жеке басын дамыту жағына бағытталған.
Кішкене балаларды элементар математикалық білімдерге тәрбиелеи оқыту
принципі ең алдымен балаларды сандық, кеңістік және уақыт қатынастарын
тануға әкеледі. Әлем балаға жаңа байланыстар мен қарым-қатынастар
тұрғысынан ашылады. Ал жаңа көрініс болса, тіпті жақсы таныс нәрселердің
де, балалардың оларға жаңа қатынасын қалыптастырады, олардың танымдық
қызығушылығына себеп болады, білуге құмартады.
Мысалы, бұрыннан, таныс адамның биік те жуан діңін одан таралған шамасы
мен формасы әр түрлі бұталарының (жуан, жіңішке, ұзын, қысқа, түзу, қисық,
сынық) соншама көптігін керіп ол таң қалды. Ағаштарды салыстыра келе,
балалар олардың қайсысы биік, қайсысы аласа екенін анықтайды; ол ағаштардын
жапырақтарын қарастыра келе, олардың формалары шамалары (өлшемі) әр түрлі
екенін көреді т.б. Жаңа көрініс айнала қоршаған нәрселерді қабылдауды
күшейте түседі.
Алайда балалар бақшасында, мектептегі сияқты, тәрбиелей оқыту
принципінің бұзылуы жиі кездеседі.
Біріншіден, баланың ойын сабақтың үстінде жандандыруға көңіл аздау
бөлініп жүр. Оқыту ісі әдетте еліктеу мен есте сақтауға ғана негізделіп
жүргізіледі. Әрине, кішкене балаларға жиындарға практикалық амалдар
қолдануды, олардың сандарын салыстыру тәсілдерін, санау операциясын үйрету
керек, оларға арифметикалық амалдар қолдана білуді үйрету керек,
геометриялық фигуралар қасиеттерін түсіну тәсілдерімен, шамаларды өлшеумен
таныстыру керек. Дайын, көпшілік қабылдаған амалдар тәсілдерін игермей
тұрып, балалардың ол жұмысы жандана қоймайды. Жаңа материалды оқып
үйренгенде тәрбиешінің нұсқауы да әрі көрсетіп беруі де қажет. Алайда амал
тәсілдеріне балалардын, игеру барысына қарай, олар (тіпті ете ерте кезенде-
ақ) өздігінен ойлап әрі әрекеттенуге үйренулері тиіс. Сол үш жасар бала,
мысалы, тәрбиешінің қалай жасау керектігін көрсетпей-ақ, тек сөзбен нүсқау
бергенде де әрекет жасай алады. Мұның өзі ерте кезде — ақ балаларда
қалыптасқан тәсілдері жөніндегі түсінігін жандандыра түседі.
Оқытудың ғылыми принципі деген іс-әрекеттің, білімнің іскерліктің және
қарым-қатынастын, біртұтастығын жүзеге асыру болмақ. Іс-әрекет арқылы
баланың ойы, сана-сезімі дамиды. Сондықтан баланың әр жақты іс — әрекет
жасауын қамтамасыз ету қажет; сонда олар оқылатын материалды бірнеше қайыра
қабылдаумен қатар, онымен әрекет жасаудың тиімді тәсілдерін де игеретін
болсын, оларда іс-әрекетке (қиындыққа, табысқа т.б.) деген дұрыс қарым-
қатынасы қалыптасатын болсын. Мысалы, оқыту процесінде балалар өздері іс
жүзінде жиыннын, кеңістік-сапалық ерекшеліктеріне сан тәуелді
болмайтындығына көз жеткізулері тиіс немесе, мысалы, геометриялық
фигуралармен жұмыс істегенде фигураның формасы оның өлшемдеріне және де
кеңістікте тұрған қалпына тәуелді болмайтындығына көз жеткізулері тиіс,
немесе өлшеу тәсілдерін үйрету кезінде олар әр түрлі шамаларды (ұзындық,
масса, көлем т. б.) өлшегенде өлшеуіш санымен елшеуіш өлшемі арасындағы
функциялық тәуелділік туралы қорытындыға келетін болуы тиіс.
Балаларды элементар математикалық білімге оқытудағы ғылыми принципі
тәрбиешілердің қажетті математикалық дайындығы болуын, сондай-ақ бала
дамуының жалпы заңдылығын және әр баланың жеке ерекшеліктерін білуін талап
етеді.
Түсініктілік принципі қашаннан педагогикада қалыптасып келген бірқатар
ережелердің сақталуын тілейді: жеңілден қиынға қарай оқыту, белгіліден
белгісізге қарай, оңайдан күрделіге қарай, жақыннан алысқа қарай оқыту.
1.2 Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығының мәселелері
Еліміздің егемендік алып, дербес даму жолына түсуі қоғам өмірінің барлық
салаларында елеулі өзгерістер туғызып жатқаны баршаға мәлім.Қазіргі таңда
ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ерекше көңіл аудара отырып, сапалы білім
беру талаптары қойылып отыр.Оның ішінде мектепте сапалы білім алуы
мектепалды дайындығына және балабақша мен бастауыш мектепалды дайындығына
және балабақша мен бастауыш мектептің сабақтастығымен тығыз
байланысты.Бүгінгі таңда мектепке дейінгі және бастауыш сыныпта оқыту мен
тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері арасындағы сабақтастық
сақталмай отырған жағдайлар байқалады[7]. Көптеген авторлар мектепке
дейінгі білім мазмұнын анықтауда және алты жастан оқытуда
1-сыныптың оқу бағдарламаларын қайталауы, бұл болашақ оқушының сапалық
қасиеттерін дамыту мен жаңа әрекет түрін қалыптастыруда сабақтастық бола
алмайды, тек қазақ тілін, ана тілін, математика, дүниетану пәндерін
оқуға дайындығы болып саналады.
Оқыту мазмұны мен әдістерін таңдауда педагогикалық мақсатқа сәйкес
келмейтін, бала дамуының әр кезендегі өзіндік құндылығы жас ерекшелігі
мен мүмкіндігі ескерілмейді. Сол тәрізді баланы мектепке дайындау бірінші
сынып бағдарламасын ерте үйретілуімен шектеліп, мектепке дейінгі тәрбие
мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық болашақ мектеп оқушысының
сапаларының дамуымен, жаңа әрекет түрінің алғышарттарының қалыптасуымен
емес, оқу пәндерінен алған білім, білік, дағдыларымен (әріп тану, жазу,
санау) өлшеніп келеді.Бұл көрсеткіштер балада механикалық түрде қалыптасуы
мүмкін.
12-жылдық білім беру жүйесіне көшудегі алты жастан оқытуға қарсы
көзқарастар да бұқаралық ақпарат құралдарына көп кездесіп
келеді.Мектептегі баланың оқудағы қиындығын оның жасынан іздемеу керек,
оның дене, психологиялық,әлеуметтік дайындығының дұрыс бағытта
жүргізілмегендігінде.Бала дамуының жас кезеңдері оның мектепке
бейімделуіне бірден-бір шарт бола алады. Белгілі психолог Выгодский Л.С.
баланың жас кекзеңдерін олардың басынан өтетін дағдарыстарына байланысты
түсіндіреді[8]. Соның ішінде жеті жастағы дағдарыс баланың мектепке
бейімделуіне тиімді емес деген.
Жеті жастағы дағдарыс дегеніміз баланың қатынас жүйесіндегі өзінің
бұрын қабылдағанындағы өзгерістерге байланысты пайда болады.Божович Л.И.
жеті жастағы дағдарысты баланың әлеуметтік Мен дегенінің туу
кезеңі.Мұндай өзінің құндылығын асыра бағалауы ішкі позициясының өзгеруі
— деп түсіндіреді. Мұның өзі баланың жеке тұлғалық дамуына дайындық
болып саналады. Кулагина Л.Ю. Возрастная психология атты еңбегінде
дағдарыс баланың алты не жеті жасқа келгенінде емес, кейбір балаларда
алты жасында өтсе, екінші бірінде мектепке келген соң сегіз жасында өтуі
мүмкін және көпшілік балаларда мектептегі оқудың әсерінен барып көріне
бастайды.Өмірінің негізі ойын емес екендігін көпке дейін түсіне алмайды.
Сонымен алты жастағы оқушының ішкі дүниесі сыртқы жағдаймен сәйкес
келмеуі жеті жастағы дағдарысқа әкеліп соқтыруы мүмкін.Бүгінгі тәжрибе
көрсетіп отырғандай алты жастағы бала қыркүйек айында сондай мақтанышпен
мектепке келгеннен кейін, қазан айында мектеп өмірінен қатты көңілі
қалады. Егер балабақшада мектепалды дайындауда бала өздігімен өте
алмаса, жеті жаста мектептегі оқуі әрекетінің негізінде пайда болады[9].
Сондықтан баланы мектепке алты жасында да, жеті жасында да дайын болуы
мүмкін, тек екі буын арасындағы сабақтастық сақталған жағдайда ғана.
Бастауыш сынып оқушыларының мақсаты: оқу әрекетін игертуде білуге
құштарлық, ынталылық, дербестік, шығармашылық, қиялы кең, еркіндік жеке
тұлғалық сапалар меңгеріуі қажет.
Бүгінгі таңдағы бағдарламалар мен оқулықтар мазмұнында негізгі мәселе
мектепке дейінгі балалардың психологиялық даму заңдылықтарын,
психикалық қызметтерінің сензитивтік қалыптасуын, ойыннан
алшақтатып,жетекші әрекетінің рөлін елемеуі байқалады.Балалардың дене
дамуы мен денсаулығын сақтау мен қорғауға мән бермеу тереңдеп отыр.
Сондықтан үздіксіз білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты,
міндеттері, мазмұны, әдістері,құралдары, ұйымдастыру формалары арасындағы
сабақтастықтың мақсаты: баланың дене және психологиялық дамуын
үййлесімділігін , жеке даралығын сақтау,өзгерген әлеуметтік жағдайға
бейімделуін, қоршаған ортамен белсенді араласуына дайындығын қамтамасыз
етуі керек.
Бүгінгі таңда бастауыш мектептегі мамандарда неге оқыту? және не үшін
оқыту? деген сұрақ ойландырмай, яғни оқыту мақсаты, мазмұны емес, қалай
оқытамын? деп оқытудың әдіс-тәсілдері, құралдары, амалдары, жолдарын
іздеумен шұғылданып жүр. Осы жастағы балалардың үйлесімді дамуын қамтамасыз
ететін оқыту және тәрбиелеудегі жетекші бағыттары мен жасанды акселерация,
қарқынды оқыту, балалар дамуының бір бөлігін аттап кету арасындағы
қайшылықтарды туғызып отыр.
Қазіргі сабақтастық мәселесін шешуде жүргізіліп жатқан жұмыстар бала
дамуының әрбір кезеңінің өзіндік құндылығы туралы ғылыми түсініктерге
сәйкес келмейді, оқу-тәрбиелеу үрдісі балалардың жас ерекшелігі мен
мүміндігінде бағдарланып жүргізілмейді. Балалардың арнаулы дайындығына
ерекше мән беріледі[11]. Пәндік білім, білік, дағдылар тек алғашқы кезде
ғана көзге түсуіне мүмкіндік беріп, кейін шығармашалық, тапқырлық,
қырағылықты, өзінің жұмысының нәтижесін эталонмен салыстыруға берілген оқу
тапсырмаларында қиындыққа ұшырып, ересектен көмек сұрайды.
Пән бойынша дайындаудан оқи алатын, санай білетін, жаза алатын, бірақ
сенсолық тәжірібесі таяз, бақылай, салыстыра алмайтын, өзгерісті байқай
білмейтін, зейіні тұрақсыз, бейнелі ойлауы төмен, құрастыру тапсырмаларын
орындай білмейтін, қарапайым шығармашылық тапсырмаларды орындай алмайтын
балалар мектепке жіберіліп отыр. Осы тұста Выгодискийдің Л.С. Оқи білетін
баладан оқи білмейтін баланың ақыл-ой дамуының айырмашылық неде? деген
сұраққа жауабын еске түсіруге тұра келді. Ұлы психолог былай деген: оқи
алатын баланың оқи алмайтын баладан бір ғана айырмашылығы бар, ол сол бала,
тек сауатты, бірақ ақыл-ойны ешнәрсе де қосылмайды дейді.
Баланың мектепке келуінен бастап оның өмірінің мүлдем жаңа кезеңі
басталады.Бұл кезеңге ол тиісті дережеде даяр болуы тиіс.Алдымен бала,
оған жаңа праволар ған беріп қоймай,сонымен қоса едәуір қиындығы бар
міндеттер артатын маңызды іс-әрекет жасауға даяр болуы тиіс.Кішкентай
мектеп оқушысы айналасыдағылардан өзінің оқу сабақтарына деген құрмет күте
отырып, өзі де мұғалімнің барлық жүйелі орындауға, сол сәтте ұстауға
міндетті болып саналады.
Қазіргі мектеп оқытуды тақыр жерден бастамайды. Мектеп балалар 1-
сыныпқа тиісті мөлшердегі білім дағдыларымен, ал бастысы- зерттеленетін
заттар мен құбылыстарды жүйелі бақылауға, олардың елеулі ерекшеліктерін
ажыратуға пікірлесуге және қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін
дамыған қабылдаумен және ойлаумен келеді деп есептейді .Бұл жоспарлы және
дараланған қабылдауды, оқылатын материалға теориялық и қатынастың
элементтерін, ойлаудың жалпылама формалары мен негізгі логикалық
операцияларын, мағыналы есте сақтауды игеруге тиіс баланың ақыл-ойын
дамыту дәрежесіне белгілі талаптар қояды. Мұнымен қоса бала оқу
әрекеті саласындағы бастапқы іскерліктерді ( нәтижеден гөрі, оқу
тапсырмаларының орындау тәсіліне зейін қою өзін-өзі бақылау т.б.)
игеруі тиіс.
Балалардың есін өте көп шашыранды мағлұматтар мен толтырып немесе
оқу, есеп шығару дағдыларын бағытсыз қолдана беруден зиянды нәрсе жоқ.
Балалар жалпылама және жүйелі білім алып, олар болмыстың жаңа
салаларында бағдар алуға үйретіліп (бұйымдардың сандық
қатынастарын,тілдің дыбыстық материясын), осындай кең негізде дағдыларды
игерту ұйымдастырылса, жағдай мүлдем басқаша болады.Осындай оқыту
процесінде балаларға болашақта кез келген білімді саналы игеруге
мүмкіндік беретін болмысқа теориялық көзқарастың бастамасы жасалады.
Қазіргі заманғы советтік тәрбие жүйесінде бастауыш мектеп шағы
бала өмірінің жеті жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды.
Баланың өмірінің ерекше кезеңі ретінде ол салыстырмалы түрде жуырда ғана
айқындалады.
Осылайша, бастауыш сынып оқушыларының скелет-бұлшық ет жүйесі едәуір
қатаяды, жүрек-тамыр қызметі тұрақтанады жүйкенің қозу және тежелу
процестері көбірек тепе-теңдікке ие болады. Мұның бәрі – мектеп өмірінің
бастамыс – баладан айтарлықтай ақыл-ой күшін ғана емес, сонымен қатар
үлкен дене төзімділігін де талап ететін ерекше маңызды.
Баланың мектепке баруына байланысты баланын психикалық дамуының әрбір
кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Бұл жастағы
балалар үйреніп, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де олардың бүкіл
болмысын анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады.Ойын
үстінде қоғамдық баға беруге тырысушылық пайда болады, қиял және
символиканы пайдалана білуі дамиды. Осының бәрі баланың мектепке даярлығын
сипаттайтын негізгі сәттер болып табылады.
Баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады.
Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Баланың бұл
ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын
алдын ала сезіну және қалау баланың кластағы мінез-құлық ережелеріне,
жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты
мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бал
қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды.
Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психолгиялық жағынан расталған мынадай
қағида бар: баланың класқа келген алғашқы күнгінен-ақ оған оқушының
сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын
да нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасын,
міндеттерінің және правосының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан
айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз
орындауды талап ету- бірінші класс оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес,
мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың
тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт . Бұл талаптар орынсыз әрі екі ұшты
болса, балалар өз өмірінің жаңа кезеңінің өзідік ерекшеліктерін сезбейді,
бұл олардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін[13].
Баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іскерлікті игеру
процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде шын
мәнінде ойын кезінде өзі қалаған адам ( ұшқыш, аспаз, шофер ) болуы үшін,
оқудың қажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейін-ақ бойы үйрене
бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердің нақтылы
құрамын, әрине сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық – прагматикалық
көзқарасы әлі болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық мәнді және құнды деп
ойлайтын білімдерге ұмтылады.Баланың айналасындағыларды білуге құмарлығы,
теориялық ықыласы баланың бойында оның кең өріс алған ойын әрекетін
қамтитын мектепке дейінгі өмірінің барлық сәттерінде қалыптасады.
Алғашқы кезде оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұнымен шын
мәнінде әлі таныс емес. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы
әзірге жоқ.Олар тек математиканы, грамматиканы және басқа пәндерді
тереңдеп оқу кезінде қалыптасады. Әйтсе де бала алғашқы сабақтардан
бастап-ақ тиісті мағлұматтар ала бастайды. Бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы
білім алуға деген ынтаға сүйенеді.Ынталықтың жеке-дара көрінісі бұл
жағдай математикада немесе грамматикада байқалады. Мұғалімдер бұл
ынталықты алғашқы сабақтарда дереу пайдаланады. Осының арқасында бала
үшін сандардың тіркестілігі, әріптердің реттілігі және т.б. сияқты
шын мәнінде ұзын-сонар, дерексіз жайлар туралы мағлұматтар алу қажеті
де маңызды бола бастайды.
Баланың білім қазыналарының интуициялық қабылдауын мектептегі
оқудың алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, грамматика және
басқа пәндердің өздерінің күтпеген, таңқаларлық, қызықты жайттарын
паш ету жолымен қолдап, дамытып отыру керек. Бұл оқу іс-әрекетінің
негізі ретінде балалардың шын мәніндегі танымдық ықпалдарын
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
1 — сынып оқушыларының бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі
түрлері. Көбінесе үш типтегі қиыншылық жиі байқалады.Олардың біріншісі жаңа
мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты .Тиісті дағдылар болмаса, балада
әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу,режимдік сәттерді жіберіп қою пайда
болады[14,15].Мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа
талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын әрдайым
тексеріп балалардың тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке
ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.
1 — сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі
мұғаліммен , сыныптағы жолдастарымен, отбасында болатын қарым-
қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай
таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал
тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез құлық ережелерін ұсынып,
одан ауытқудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың
еңбегіне баға береді.Мұғалімнің позициясы мынадай: бала оның алдында
қандайда бір именшіктік жасамай тұра алмайды. Осының салдарынан мектепте
балалардың біреулері тым тұйық, ал екіншілері босаңдау бола бастайды.
1 — сынып оқушысы көбіне жаңа ортаға үйренісе, балалар мен бірден
таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді. Тәжрибелі мұғалім барлық балаға
бірдей талап қояды.Бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауының өзіндік
жеке дара ерекшеліктерін мұқият бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының
астарына көз жүгіртіп, олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін
түсінуге көмектеседі.Балаларды тек осындай арнайы зерттеудің негізінде
ғана оларға әсер етудің белгілі бір нақтылы әдісін таңдап алуға
болады, бұл әдістің мақсаты барлық бірінші сынып оқушыларының сабақ
үстінде тыныш, ұстамды болу мінез-құлық әдетіне, сабақтардың жалпы
қарқынын сақтауға, мұғалімнің ескертулеріне іскерлікаен жауап беруге
тәрбиелеу болып табыладыбұл әдістің мақсаты барлық бірінші сынып
оқушыларының сабақ үстінде тыныш, ұстамды болу мінез-құлық әдетіне,
сабақтардың жалпы қарқынын сақтауға, мұғалімнің ескертулеріне іскерлікаен
жауап беруге тәрбиелеу болып табылады.Түптен келгенде осының бәрі
мұғалімге және оның іс-әрекетіне сенуді тәрбиелеуге келіп саяды.Мұғалім
барлық балаларға бірдей қарап бәріне бірдей талап қойғыш болғанда, нашар
оқитындарды еңбек сүйгіштігі үшін мадақтап, жақсы оқитындарға өзіне
тым көп сеніп кеткені үшін басу айтып отырғанда өзіне тым көп сеніп
кеткені үшін басу айтып отырғанда ғана сыныптағы оқушылардың өзара қарым-
қатынасы ойдағыдай болады.Баланың мектепке баруымен оның отбасындағы
жағдайы өзгереді. Оның жаңа міндеттері мен жаңа құқықтары пайда болады.
Көпшілік отбасында балаларды бұл міндеттері құрметпен қабылданып толық
қанағаттандыратынын тәжрибе көрсетіп отыр.Тіпті мынадай көрініс жиі
байқалады: үлкендердің қарым-қатынасын және олардың мектеп еңбеккерінің
тілектерін дереу қанағаттандыруға дайын тұратындығын сезген кейбір балалар
өздерінің жағдайын өктем пайдаланып, үйде өздері –оқушылар-басшы тұлға
болатын тәртіпті орната бастайды[19]. Ал, бұл енді оқушының ерекше
өзімшілдігі пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.Сондықтан үй ішінде бірінші
сынып оқушысына көңіл болуды оған отбасының басқа мүшелерінің де
маңызы еш кем емес мүдделерін мен қамы-ққаракеті бар екенін көрсетумен
ұштастыру керек.Бала олармен санасып, үй іші істерінің жалпы ағымында
өзінің мектептегі қақтығыстарын шамадан тыс көрсете бермеуі керек.
Қиыншылықтардың үшінші типін 1- сыныптағы көптеген оқушылар оқу
жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқы да олар сабақ басталардан
көп бұрын мектепке қуана барды.Кез келген жаттығуларға ықылас пен
кірісті, мұғалімнің берген бағасына мақтанысты :олардың білімді игеруге
жалпы даярлықтары сезіліп тұрды.Бірақ 1 сыныпта оқу прцессі әдетте баланың
белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап,
қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасалған.Әрине, мұндай жағдайларда
баланың ақыл-ой ізденісінің өрісі тар, таным дербестігі айтарлықтай
шектеулі болады Осыған ұқсас сабақтарда оқу материялдарының өзіне
ықылас нашар қалыптасады. Мектептің сыртқы атрибұттарына үйрену
дәрежесіне қарай балада оқуға деген алғашқы құштарлық өте бастайды да
соның нәтижесінде немқұрайдылыққа салынады.Мұғалімдер кейде материалға
сырттай қызықты элемент енгізе отырып оларды жеңуге тырысады.Бірақ бұл
әдіс аз уақыт ғана ықпал етеді.
Оқуға тоюды болдырмаудың ең сенімді әдісі балалардың сабақтарда
жеткілікті дәрежеде күрделі оқу танымдық тапсырмалар алуында, тиісті
ұғымдарды игеруді талап ететін проблемалық ситуациялармен ұшырасуында
жатыр.Бұл шамамен былайша болады.Математика курсында сандар ұғымының
маңызы зор.Ол балаларға 1 сыныпта беріледі. Олармен танысу тәсілі
мынадай.Балаларға бірнеше затты көлемі немесе саны жағынан салыстыру
тапсырмасы беріледі.Бірақ есептің шартында мұны тура мұны тура және
тікелей орындауға болмайды. Қалай істеу керек? Оқу материалының мазмұнына
ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген көзқарасын жайы
олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты.Сондықтан
педагогикалық психология үшін осы іс-әрекетті құру және оның
жекелеген бөліктерінің ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды
болып табылады. Нәтижелі оқытуға қажетті сапалар бірден пайда болмайды.
Олар баланың өмірге келген сәтінен бастап біртіңдеп қалыптасады.Бұл
сапаларды қалыптастыру үшін ойын, сурет салу; конструкциялау т.б. сияқты
іс-әрекет түрлерінің маңызы болатынын атап көрсеткен жөн. Өйткені тап
соларда алғашқы рет мінез-құлықтың қоғамдық мотивтері пайда болып, мотив
сатылары қаланады; қабылдау мен ойлау әрекеттері қалыптасып жетіледі,
балалар арасындағы өзара қарым-қатынас дамиды. Әрине, ол өздігінен жүзеге
аспай, өскелең ұрпаққа қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін беріп, тиісті
білімдерді жеткізіп, дағдыларды үйрететін үлкендердің балалар іс-
әрекетіне үнемі басшылық жасауы кезінде болады.
Білім іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастар қарым-
қатынаста ойындар үстінде, кітаптар оқығанда дамиды. Еңбек процесінде
адам бай тәжрибе жинақтайды.Заттың қызметінен туындайтын игерудің
өзіндік ерекшеліктері неде? Бәрібір бұрын оның толық жүзеге асуы үшін
жағдайлар … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz