Адамның мінез құлқы, адам жанының сұлулығы

0
Өзін — өзі тану пәні сабағының жоспары
Тақырыбы: Адам жанының сұлулығы
5 сынып
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: әділдік, қайырымдылық, жауапкершілік.
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: жақсы/жаман мінез — құлықты ажырата білуге үйрету;
2. Дамытушылық: оқушылардың бойында жақсы мінез — құлық дамытуға ықпал ету;
3. Тәрбиелік: өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.
Ресурстар: баяу әуен, флипчарттар
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу.
Тыныштық сәті «Орманға саяхат»
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл — пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз.
Дәйексөз.
«Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек» Виктор Гюго
Сұрақтар:
Дәйексөзді қалай түсіндіңдер?
Дәйексөзді ұлдарға оқыту. Қыздарға оқыту. Хормен оқу, дәптерге көшіріп жазу

2. Мәтінмен жұмыс. «Мұғалімнің сыйы. Ы. Алтынсарин
«Алтын шекілдеуік»
Бір үлкен мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді. Леночка деген кіші қызы сол келтірген көп жемістің ішінде, сырты алтындаған шеттеуіктерге қызығып, соны маған бер деп қоймады.
Шешесі айтты:
— Бұл шекілдеуіктер тек әдемілікке істелген, мыналарды ал,- деп, бөтендерін беріп еді, Леночка жылай бастады:
— Мен қара шекілдеуіктерді алмаймын, алтын тыстысын аламын, оның ішіндегі дәні де тәтті шығар — деп. Шешесі тіл алмайтын қисық баланың дегенін істегеннен артығы жоқ екенін ойлап, Леночкаға алтын тыстыларын, бөтен балаларына бөтен шекілдеуіктерді таратып берді. Леночка қуанып шекілдеуіктерін дереу шаға бастады, қараса, бірінің де ішінде дәні жоқ, бос қабықтар екен. Мұны көріп қасындағы балалар мазақтап күле бастады. Сонда атасы айтты:
— Бұл шекілдеуіктер жеу үшін істелген емес, тек көзге әдемі көріну үшін қойылған; мен шекілдеуіктердің бос қабығын алып, сыртын күміспен бояп қана қойып едім, екінші рет не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар,- деді.
Сұрақтар
1. Лена қандай жеміске қызықты?
2. Неге Ленаның таңдауы дұрыс болмады?
3. Ленаның атасы қандай кеңес берді?
4. Адамның асылы ішінде болу үшін қандай қасиеттер мен құндылық болу қажет?
5. Қасында отырған сыныптасының бойындағы қасиеттерін ата. Ол қандай сұлулық түріне жатқызылады?
Педагог: Гаухарова М. С.
Адам жанының сұлулығы жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/