Атырау облысында Теңіз вахталық қалашығында өрт болған
Атырау облысындағы Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықта өрт болған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Petrocouncil.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, жалын 6 шілдеде сағат 19:00-де Жылыой ауданында, Құлсары қаласынан 90 шақырым жерде болған.
«»NSS» ЖШС өндірістік базасының ашық аумағында жиналған престелген макулатура (қағаз) тұтануда. Өрттің ауданы белгіленеді. Оқиға орнына ТЖБ кетті. ТЖД Өртке қарсы қызметінің көмегі қажет емес», – делінген хабарламада.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 21:15-те нысандағы өрт оқшауланған.
«Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі вахталық кент аумағында қоқыс контейнерлерінің өртенгенін хабарлады.