«Құдайдан қорқатын қоғамға Конституцияның қажеті жоқ»
Астана. 20 желтоқсан. KAZISLAM – Қырғыз президенті Сауранбай Жиенбеков елдегі діннің маңызы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Ansar.ru.
Журналистерге берген баспасөз конференциясында қырғыз президентіне атеистерге деген көзқарасы туралы сұрақ қойылды.
«Көпшілігі мені діндар деп айтады. Бір Құдайға сену көптеген бәле-жаладан қорғайды және заңды аттап кетпеуге көмектеседі. Егер Құдайдан қорқатын қоғам құрылса Конституцияның да қажеті болмауы мүмкін» дейді Жиенбеков.
Ол сондай-ақ барлық адамдарға діни сеніміне қарамастан тең қарайтынын атап өтті.
Дереккөз: http://kazislam.kz/