Алматы орталығында жүріп келе жатқан автобус отқа оранды — видео

0

Зардап шеккендер туралы хабар жоқ

Алматыда жүріп келе жатып, өртене бастаған автобустың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Автобустың арт жағы отқа оранғанда Абай мен Абылайхан көшелерінің қиылысында тоқтап, ішінен жолаушылар қашып шыға бастады.

Оқиға куәгері автобустың жана бастаған сәтін алматылық Instagram топтардың бірінде жариялаған екен.

Бір сағат ішінде видеоны 14 мыңнан астам адам тамашалады.

Желі қолданушылары жолаушылар автобустан жанталаса шығып жатқанда, жүргізуші өртті сөндіру үшін ешқандай әрекет жасамады деп ашуланды.

Sputnik.