Алматы облысында 33 елді мекеніннің иженерлік коммуникациялар желісі цифрландырылды

0

Алматы облысы Цифрлық технологиялар басқармасының мұрындық болуымен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында «цифрлық егіз» жобасы жүзеге асуда.

Аталмыш жобаның басты мақсаты өңірдегі 33 елді мекеніндегі барлық иженерлік коммуникацияны цифрландырып, электронды форматқа ауыстыру болып табылады.

Жоба өз кезегінде мамандарға инженерлік желілердің орналасқан аумағын анықтауға, олардың қазіргі таңдағы жағдайын бағамдауға мүмкіндік береді.