Төреғали бойдақ кезінде сүйіктісі Толқынды «Бол жанымда» әнінің бейнебаянына түсіргісі келгенін мойындады
Ұлы дала баласы Төреғали Төрелі жұбайы Толқынның неліктен көпшілік алдына шықпайтынын түсіндірді. Жұбайына деген махаббаты үлкен екенін айтқан әнші оның нан жауып, бала тәрбиелеп, үйде отырғаны жарасымды екенін айтты. Сондай-ақ, шаңырақ көтермей тұрып, Толқынды бейнебаянына түсіргісі келгенін жасырмады.
Бұл туралы Төреәлінің ұлы КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтты.
«Менің ойымша, жалпы, оның мамандығы тележүргізуші болса, онда осылай бағдарлама жүргізуіне болады. Ал үйде отырып, нан жауып, бала тауып отырғаны әйелге жарасып тұратын сияқты. Қатар алып жүремін десе, олай ете алмайды-ау деп ойлаймын. Себебі үш баламыз бар», – дейді Төреғали.
Өз сөзінде ұлы дала баласы жұбайы Толқынды неліктен көпшілік алдына алып шықпайтынын, не себепті бейнебаяндарына түсірмейтінін түсіндірді. Айтуынша, ол жан жарын “Бол жанымда” әнінің бейнебаянына түсіргісі келген. Алайда Толқынның өзі қарсы болыпты.
«Шығарғым келген. Өзі шықпайды. Біз үйленбей тұрып, мен Толқынды «Бол жанымда» әнінің бейнебаянына түсіргім келді. Қазір айтамын: «Сол кезде түскеніңде, танымал болатын едің», – деп. Алайда ол: «Жоқ, сол үшін түспеген едім», – дейді. Енді әртүрлі адамдар болады ғой. Анамның өзін әкем екеуіміз осы студияға екі қолынан сүйреп әкелдік. Барғысы келмеді. «Маған арналған бағдарлама болғаннан кейін баруыңыз керек. Мені сіз туған жоқсыз ба», – деп түсіндірдік. Сол сияқты, келін қайын ененің топырағынан дегендей, енесіне тартып кеткен келін болды ғой деймін. Өйткені көпшілік алдында ұяла ма, қысыла ма, солай сияқты», – дейді әнші.
Источник: Stan.kz