Ресей Шымкентке инвестиция салуға ынталы

0

Шымкентте инвестициялық құны 6,2 млрд теңге болатын күн электр станциясының құрылысы іске асты, деп хабарлады kznews.kz сайты.

Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін нығайтуда тұрақты кездесулер мен ең жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ресми ақпараттарға сүйенсек, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы өткен жылы 26,1 млрд долларға жеткен. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қазақстаннан Ресейге экспорт 25%-ға өсіп, 8,8 млрд доллар болды.

Шымкентте «Hevel Kazakhstan» ЖШС (Ресей) инвестициялық құны 6,2 млрд теңге болатын, қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясының құрылысы жобасын іске асырды. Қазір ресейлік «Бона Файд Групп» ЖШС инвестициялық құны 60 млн теңге болатын, жобалық қуаттылығы жылына 252 мың дана әйелдер фитнес киімдерін өндіретін жобаны бастап кетті. Өндіріс орны 2023 жылы іске қосылады деп жоспарланған.

Бұдан бөлек, индустриалды аймақта «Гекса» ЖШҚ (Ресей/Қазақстан) инвестициялық құны 3,2 млрд теңге болатын бірлескен жаңа жобаны қолға алмақ. Өндіріс орны қуаттылығы жылына 6 мың тонна тоқыма емес материалдар шығарады. Іске асыру мерзімі – 2023 жыл. Инвестициялық құны 1,3 млрд теңге болатын, жобалық қуаттылығы жылына 300 мың текше метр темір-бетон өнімдері, темір-бетон бұйымдарын өндіру зауытын салу жобасы іске асады деп жоспарланған.

Ресейлік «ДСК 17» ЖШС іске қосатын зауыт құрылысы 2024 жылы аяқталады.